Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратДенсаулықКүрті ауылдық округіҚоғам

ЖЫЛЫЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТОП ШАЛҒАЙ АУЫЛДА

Киелі Іле жерінде шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарын жылжымалы медициналық тексеріспен қамту шаралары басталды. Өткен жылы шалғайдағы ағайын скринигтік тексерістен өте алмай жатырмыз деп аудан басшысы Б. Қарасаевтың есеп беру кездесуінде қолқа салған болатын. Бүгін міне өтініштері орындалып, ауыл халқы жаппай тексерістен өтуде. Аудан орталығынан алыс орналасқан ауылдардың халқы үшін сапалы медициналық қызмет пен көмек шараларын алу әлі де болса басты мәселе болып қалуда. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі міндеттерінің бірі – көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру екені белгілі. Осыған байланысты аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан алты мыңнан аса тұрғыны бар Ақши ауылына «Қазақстан халқына денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы шеңберінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры акциясымен жылжымалы мобильді кешен келіп жұмыс істей бастады. Аталған кешен компьютерлік томография, цифрлық маммография,эксперт класты ультра дыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталған.
Ақши ауылы аудан орталығынан қашықта орналасқандықтан, диспансерлік есепте тұрған және скринингтік тексеруден өтуі тиіс науқастар мен қатерлі ісікке күдікті ауыл тұрғындары үшін бұл шара өте қолайлы болды.
Ал жылжымалы медициналық кешендер болса, аталған міндетті шешудің бір тетігі екені рас. Автономды электр қуаттағышпен жабдықталған мобильді диагностикалық медициналық орталық аптап ыстық пен саршұнақ аязда да жұмыс істеуге бейімделген. Автобус 60 түрлі дертті анықтауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, автобусқа мүмкіндігі шектеулі жандардың медициналық тексерісті кедергісіз алуы үшін арнайы жеделсаты мен пандус орнатылған. Ауыл тұрғындарын невролог, офтальмолог, санолог, педиатр, акушер-гинеколог, зертханашы, терапевт сияқты білікті мамандар тексеруден өткізді. Атап айтсақ, маммография – 44, компьютерлік томография – 23, ультра дыбыстық зерттеуден 31 ересек тұрғынды медициналық тексерістен өткізіп үлгерді. Бұдан бөлек, 148 адам цифрлық рентген, ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ аппаратарынан өтіп, толық зертханалық тексеріпен қамтылып, маманның кеңестеріне жүгінді. Тағы бір айта кетерлік жайт, сақтандырумен қамтылған ауыл тұрғындарына аталған барлық қызметтер МӘМС аясында тегін көрсетілді. Жылжымалы медициналық кешеннің арқасында ауылдан алысқа ұзамай-ақ медициналық қызметті кең көлемде алуға мүмкіндік туғанын алға тартқан ауыл тұрғындары мұндай көмек алу үшін 120 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына сабылуға тура келетінін айтты. Егер аудан қарай алмаса, әрі қарай Алматы қаласына сабылатын еді. Ал мұндай арақашықтық әсіресе қарттар мен балалар үшін қиын болары анық.
– Жылжымалы медициналық кешеннің жұмысы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандар үшін өте қажет. Сол себепті шалғайда орналасқан ауыл дәрігерлерін қолдап келген жылжымалы медицина тобына ризамын. Ауыл тұрғындарының профилактикалық тексеруден, скринингтен және білікті дәрігерлердің қарауынан өтуіне жағдай жасаудамыз, — деді Ақши ауылының бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Тезекбаев Рахат Ахметұлы.
Ауыл тұрғыны Айдархан Утепов:
– Мен басымды тесерту үшін қалаға баруым керек болатын. Бүгін, міне, томография ауылымызға келіп қуантып жатыр. Жасым болса жетпісті алқымдағанда анау қалаға сандалу мен үшін қиындық тудырады. Ауыл халқының жанайқайын ескеріп осы жылжымалы медицина тобын бізге жіберген аудан мен ауыл басшысына үлкен рахметімді айтамын – деді.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button