«Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі»
Тұрғын үй қорларында өрттің негізгі шығу себептері мынадай:
-отпен байқамай әрекет қылу (темекі шегу, от жағу және т.б.);
-электр жүйесін, электр құралдарын, электр-тұрмыстық құралдарды құрастыру және пайдалану ережелерін бұзу (электрлік жүйелерінің көнеруі, аса көп жұмыстардан қорғау аппараттарының жарамсыздығы, электр жүйелерінің дұрыс қосылмауы, электр-тұрмыстық құралдардың ұзақ жұмыс жасауы, тұрғын үйлерге электр жүйелерін енгізу);
— пештер мен түтіндіктердің дұрыс құрылмауы және пештер мен басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
-балалардың отпен ойнауы (қараусыз қалған және т.б. сіріңкемен және күн түсетін заттармен ойнауы);
-өртеу, өрт жіберу.
Өрттің жану белгілерін және өртті анықтаған жағдайдағы іс-әрекет:
— шұғыл «101» телефонына өртке қарсы қызметіне қоңырау шалыңыз;
-өрт болған кезде (тұрғын үйден немесе пәтерден) ғимараттан шығып, өзіңізбен бірге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алыңыз;
-өрт туралы көршілеріңізге хабарлаңыз; газ құбырларын өшіріп, электр токтарын ажыратыңыз.
Сақтандыру шаралары. Өрттің туындауының алдын-алу және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды қолдану қажет:
-тұрғын үйдегі пештер мен мұржаларды үнемі қарау. 3 айда 1 рет мұржаларды тазарту керек;
-тек зауыттан жасалған электр жүйелерін қорғау аппараттарын қолдану;
-үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс;
-жиһаздарды, терезе жапқыштарды және басқа да жанғыш заттарды пештен 0,5 м. кем емес ара қашықтықта орналастыру керек;
-әрбір пештің жағу саңылауының алдына 50×70 см кем емес металдық жайма қағуыңыз қажет.
Дегенмен, тұрғындарға ескертеміз! Өрт қауіпсіздік ережесін дұрыс пайдалансаңыз, қайғылы оқиғаларға жол бермейсіз. Отқа абайлықпен қарап, сақ болыңыздар!