Жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары
Жеке тұрғын үйлерде өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Сонда да болса жеке тұрғын үйлерде өрт оқиғалары көп орын алып отыр. Қыс мезгілінде жеке тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан өрт оқиғалары кездесіп жатады. Бірақ, жүргізіліп жатырған профилактикалық іс-шараларға қарамастан, республиканың тұрғын секторында улы және табиғи газбен уланудан адамдардың қаза болу мен жарақаттану жағдайлары орын алуда.
– ереже бойынша пештің түтін жолдары 3 айда бір рет ыстан тазартылып отыру қажет.
– Пештің түтін жолдары үйдің негізгі құрылысынан дербес орналастырылады. Үйдің қабырғасы және жабуы қималарындағы жанбалы құрылыс материалдарымен түтін жолы аралығында бос аралық (противопожарная разделка) кесекпен қаланған көлемі 38 сантиметр, отқа төзімділік құраммен өңделген қорғағыш пйдаланғанда 25 сантиметрге дейін бос аралық қалдырылуы тиіс. Бұндай бос аралық көлем балабақша, аурухана, мектептерде, асханаларда көлемі 51 сантиметр болуы шарт.
– Жылу пешінің алдындағы еденге көлемі 50х70 сантиметр қаңылтыр қағылады. Жылу пешін еденнің бетіне орнатуға болмайды.Уақытша қолдан жасалған темір пештерін орнатқан жағдайда, темір пештерінің аяқтарының биіктігі 0,2 метрден кем болмауы тиіс, еденнің бетіне бірқатар кесек өріліп батпақпен сыланып темір пеш орнатылады.
– Ағаш конструкцияларынан және ағаш жиһаздарынан 1 метр қашықтықта, беті сыланған қабырғалардан 0,7 метр қашықтықта орнатылуы тиіс. Негізінен келгенде пештің арнайы мамандығы бар кісілерге соқтырған жөн. Пеш дұрыс жанбаған, немесе жан-жағынан жалын шашқан жағдайда тездетіп арнайы маманға көрсетіп алған дұрыс.
– Газды пайдалану өмірімізге мықтап енгендігі соншалық, газсыз ас-суды дайындау қиын-ақ. Яғни, газ тұрған бөлменің желдеткішін ашып ауасын тазартып алу, газ жүретін түтікшелердің жабық жағдайда екендігін тексеріп отыру керек. Газ баллондары мен газ плиталарын жалғастырып тұрған шлангаларында жарамды, жыртылмаған болуы қажет және редукторға, газ плитасына арнай хамут арқылы бекітілуі тиіс. Үйде газ болған жағдайда оны есікке жақын қою керек. Өрт бола қалған жағдайда сыртқа шығаруға қолайлы.
«Өрт тілсіз жау». Аяқ астынан шыққан өрт зардабы орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек. Өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар орын алған кезде дереу 101, 112 нөмірлеріне хабарласыңыздар.