Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

СТУДЕНТТЕР АСФАЛЬБЕТОН ҚОСПАСЫН ЖАСАДЫ

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облыстық филиалына Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уриверситетінің 3 курс студенттері меморандум бойынша ашық есік күніне келді. Бұл кездесуде студенттерге жол лабораториясының маңыздылығы, тыныс-тіршілігі және жұмыс барысымен танысты. Атап айтсақ, студенттер бір күн ішінде жол салуға қолданылатын қиыршық тас, ұнтақтап алынған құм, минералдық ұнтақ және битумды қолданып асфальтбетон қоспасын жасап шықты.

Одан бөлек қазіргі қолданыстағы нормалық құжаттар жөнінде айтылды. Студенттер теория негізінде алып жатқан білімдерін іс-тәжірибе жүзінде сынап көрді. Сонымен қатар филиал инженерлерінен өздерін қызықтырған барлық сауалға жауап алды. Айта кетейік, жолшы мамандығына кадр дайындау мәселесінде мамандар ЖОО студенттерін зертханаға шақырып жиі кездесулер өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button