ИНТЕРНОЦИОНАЛ ЖАУЫНГЕРЛЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ
Күні кеше Өтеген батыр ауылындағы аудандық емханада «Ашық есік» күні өткізілді. Бұл шара 1989 жылдың 15 ақпандағы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ұйымдастырылған. Осыдан 35 жыл бұрын интернационалист-жауынгерлердің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасында өз борышын аяқтады.10 жыл ішінде жарияланған түрлі деректер бойынша шайқаста 14 мыңнан 15 мыңға дейін Кеңес жауынгерлері, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлері қаза тапқан. 22 мыңнан астам қазақстандық Ауған соғысының зардабын көрсе, оның 1000-ға жуығы моджахедтермен шайқаста көз жұмды… Ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан ауылдастарына арнап Өтеген батыр ауылындағы З. Батталханов көшесінде ескерткіш орнатылды.
Биыл ҚР Қорғаныс министрлігі басқа министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп, бұл елеулі күнге арнайы жоспар әзірледі.
…Ал «Ашық есік» күніне оралсақ, емхананың үшінші қабатындағы мәжіліс залында түрлі саладағы дәрігерлер науқастарды қабылдады. Келушілер – әскери және азаматтық киімдегі адамдар. Бұл жолғы басымдылық жергілікті соғыс пен қарулы қақтығыс қатысушыларына берілді.
Атап айтсақ, Ауғанстан шекарасының, Таулы Қарабақтағы, Ирактағы бітімгершілік батальонының ардагерлері.
Біз емхана дәлізінде Таулы Қарабақтағы соғыс қимылдарына қатысқан Исхан Үсейновты кездестірдік. 1989 жылы Кеңес Одағы кезінде, ардагер Қызыл орда облысынан Әзербайжан Апшеронына шақырылып, кейін әскери бөлімімен Таулы Қарабаққа ауыстырылып, ол аймақта 1991 жылға дейін борышын өтеген. 1988 жыл партизан соғысы қызып, нағыз қақтығыстарға ұласқан кез. Нұрлан Түлебаев Таулы Қарабаққа 1990 жылы 366-шы полк Германиядан шығарылғаннан кейін ғана табан тіреді.
Ол – аймақ тұрғындарын қарулы қарсыластардан қорғап, бір жыл бойы адал қызмет етті.
Ашық есік күнін ұйымдастырып, медициналық тексерістестен және дәрігердің қабылдауынан өтуге жәрдемдескен аудандық аурухана мен емхана басшылығына Үсеинов та, Н.Түлебаев та алғыстарын білдірді. Мемлекет қазірдің өзінде соғыс пен қақтығысқа қатысушыларға ауруханалар мен санаторийлерге тегін жолдама іспетті бірқатар жеңілдіктер беруде. Оған қоса, осы санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүру, медициналық сақтандыру, баспана және жеке үй құрылысы үшін жер телімдерін алу мәселелерін де қарастырса деймін.
Емхана меңгерушісі Елена Потапова бұл шара Іле өңірінде алғаш рет ұйымдастырылғанын және жергілікті соғысқа қатысушылардың барлығы толық түрде медициналық тексеруден өткенін айтып өтті. Әрбір ардагер кезексіз лор дәрігері, невропатолог, тіс дәрігері, кардиолог және т.б мамандарға көрінуге мүмкіндік алды. Қажет болса, түрлі сынама, ультрадыбыстық және ЭКГ жасалды. Жылына бір рет портал арқылы аталған санаттағы азаматтар әскери емханаларда ем алады. Облыстық елдімекендерде барлығы 100-ден астам «ауғандық», «қарабақтық» және тағы басқа ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда тіркелімде тұр.
«Біз, дәрігерлер, елінің ертеңі үшін өліммен арпалысып, басын қатерге тіккен, әскери борышын адал атқарған азаматтарды құрметтейміз», – деп Елена Геннадьевна сөзін қорытындылады.
Өз тілшіміз