Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыКазЦИК ауылдық округіҚоғамМеждуреченский ауылдық округіЧапаев ауылдық округіЭнергетический ауылдық округі

ОНОМАСТИКАМЫЗ ОҢАЛА БАСТАДЫ

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» — дегендей, арысы он, берісі алты жыл көлемінде Іле ауданының ардагерлер кеңесі алты ауылдың атауын өзгерте алмай әлек болды. Соғыстан кейінгі онжылдықта тың игеру басталды. Ол кезде он бес Республиканың түкпір-түкпіріне комсомолдарды тың игеруге аттандырды.  Олар олар ұлы Көсем Лениннен бастап, өздерінің артель бригадирлеріні де есімдерін тың игеріліп жатқан жер атады. Мысалға  алсақ, 1954 жылы «Жолбарысты» аталып келген Іле ауданындағы «Чапаев» ауылына, сол кездегі  үздік тракоршы, бригадир Чапаев дегеннің атын қойған. Көбісі оны 1914 жылы алғашқы дүниежүзілік соғысқа қатысқан, Азамат соғысының басшыларының бірі Василий Чапаевпен шатастырып жатады. Сол сияқты қазақ даласында жергілікті халықтың пікірін тыңдамай не болмаса солақай саясаттың күшімен жеріміздің біраз бөлігін славян атаулары басып кетті. Уақыт өте келе, ескі атаулары естен шықты. Үйренген ауыз тәуелсіздік алғаннан кейін де Жәпек батыр ауылын – 12 Декабрь, М.Түймебаев ауылын – Винсовхоз (өйткені колхоз кезінде жүзім өндіріп, шарап шығаратын зауыт болған), Жетігенді – Никлоаевка, Байсеркені – Дмитриевка деп, атап жүр. Кейінгі көшіп келгендер ғана жаңа атауларымен атайды. Дегенмен, қазақ көрер жарығы бар киелі халықпыз ғой.  «Қазақта ештен кеш – жақсы» деген бар. Тәуелсіздіктің арқасында біраз атаулар жаңаша өзгерсе, біразына бұрынғы ескі атаулары қайтарылғанына баршамыз куә болып  жатырмыз.  2017 жылы елімізде жер мен елдімекендерге бұрынғы атауларын қайтару науқаны жүріп жатыр.  «Энергетический» ауылдық округі ардагерлер ұйымы осы сәтті қалт жібермей ақылдаса отырып жоспар жасап, Покровка ауылын қазақ елінің мақтанышы болған ақын, жырау, күйші Кенен Әзірбаевтың атын беруге, ал «Энергетический» ауылдық округінің атын Өтеген батыр ауыл округі деп өзгертуге және 20 шақты орыс тіліндегі жазылған мәні, мағынасы жоқ көшелерді де өзгертудге жоспар құрған. Мақсаттары анық. Тарихи атауларды немесе жаңаша қазақиландыру жұмысы. Өйткені, өскелең ұрпақ есінде жергілікті елдің, жердің, мәдениеттің дамуына үлес қосқан азаматтардың есімі қалуы керек.  Арагерлер Покровка ауылындағы Волков Геология мекемесінің акт залында ауыл тұрғындарымен жиын өткізді. Жиынға сол ауылдағы барлық ұлт өкілдері шақырылды. Жиынның ашық әрі әділ өтуіне ардагерлер ұйымының  белсенді мүшелері Көрпебаев Қабылан, Сейдалиев Мақсат, Назарбаев Мұхтар, бастаған топ атсалысты. Жиынға елдің келешегін ойлаған патриоттық сезімдері жоғары аудандық мәслихаттың депутаттары Түймелиев Нұрлан, Ақжолтаева Гүлмира сияқты халық қалаулылары батылдық танытып, өз еріктерімен қатысты. Жиын үлкен пікірталаспен өтсе де, ортақ шешімге келіп, дауысқа салынып, қаулы қабылданды. Осындай қаулылар әр көшенің атын өзгертуде, ауыл округінің атын өзгертуде қабылданып отырды.

Барлық құжаттар сол кездегі аудан әкімдігінің ономастикалық комиссиясына өткізілді. Міне, содан бері табаны күректей 6 жыл өте шықты. Жақында қуанышты хабар келді. Қазақстан Республикасының ономастикалық комиссиясының Іле ауданы бойынша 5 елдімекенінің, 1 ауылдық округінің атаулары өзгергені туралы шешімі шықты. Керемет жаңалық. Қазақтың өлгені тіріліп, өшкені жанды деуге болады. Ата-баба қойып кеткен жер атауларының қайта келуі, жоғалған тарихтың орны қайта толуы үлкен жақсылық, үлкен жеңіс екені анық.

Тағы да бір рет өткен тарихқа көз жіберсек, Патшалық Ресейдің премьер министрі болған П. А. Столыпин 1861 жылы саяси экономикалық реформа жасап, қаулы қабылдады. Тарихта бұл реформа «П. А. Столыпин реформасы» деген атпен ел есінде қалды. Реформаның негізгі мақсаты отар елдерді орыстандыру саясатын жүзеге асыру болатын. Яғни, бұратана халықтарға өз дегенін істетіп, езгіде ұстаудың шовинистік пиғылдағы биліктің ойлап тапқан жаңа технология саясаты деуге саяды. Мәселен, қазақ жеріне қоныс аударған орыс шаруаларына 15 сотық жер тегін берілсе, егін егіп, мал өсірсем деген кәсіпкерлерге, басқа да бизнес түрлеріне үкімет тарапынан жеңіл кредиттер беріле бастады. Осындай шаруаға қолайлы реформадан кейін орыс шаруалары мен жеке кәсіпкерлер қазақ жеріне ағылып келе бастады. Тек 1905-1917 жылдар аралығында 1,5 млн. орыс шаруалары қазақ жеріне қоныс аударды.

Жергілікті халықтан малға жайлы, шөбі шүйгін, суы мол жерлер мен егін егуге шұрайлы қара топырақты егістік жерлер тартып алынып, келімсек орыс мұжықтарына таратып берілді. Міне, осындай мақсатпен 450,0 мың десятина жер тартып алынды. Жер, су, елдімекен, көше аттары ешкіммен санаспай орыс тілінде өзгертіле бастады. Мәселен, Покровка, Николаевка атаулары сол кездегі орыс көпестерінің атымен аталды. 1917 жылғы Қазан төңкерілісінен кейін де большевиктер партиясының билігі бұл үрдісті жалғастырды. Ата-бабадан келе жатқан жер атаулары жойылып, орыс есімдерімен атала бастады. Осындай өзгерістен кейін тура бір орыс жерінде жүргендей күй кешіп келгеніміз анық.

Сонымен, Іле ауданы бойынша облыстық мәслихаттың шешімімен  төмендегі елдімекендердің атаулары өзгертілді:

  1. Покровка ауылы – Кенен Әзірбаев ауылы
  2. КазЦИК ауылы – Асқар Тоқпанов ауылы
  3. Комсомол ауылы – Жайнақ ауылы
  4. Чапаев ауылы – Байкент ауылы
  5. Междуреченск ауылы – Ақсай ауылы
  6. Энергетический ауылдық округі – Өтеген батыр ауылдық округі.

Қызыл кеңестің жетпіс жылдық жатталып, санамызға сіңірген құлдық танымнан арылу оңай емес. Отыз жыл бойы етек жеңімізді жия алмай келеміз. Жалтақтық әлі де болса да бар. Жоғарыда отырған Жаңа Қазақстанның жаңа буын мемлекеттік қызметкерлері осыны түсініп, ішкі ұлттық сезімдері ерте оянса дейміз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» — деген бар. Дәл осы ономастикадағы көптеген шелімей келе жатқан мәселелер облыс көлемінде жетерлік. Қисық шегені түзейтін, күрзі балғаны қолға алатын нақты шешім шығаратын уақыт келген сияқты.

ҚабыланКөрпебаев,

зейнеткер, Өтеген батыр ауылдық округі ардагерлер
ұйымы төрағасының орынбасары

Басқа жаңалықтар

Back to top button