Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратМерекелер

АНАЛАР – БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

Құрметті аяулы ақ жаулықты аналар, гүлдей құлпырған қыздар, күллі арулар қауымы!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі –  ардақты ана, асыл жар, аяулы әпке мен қарындастың ортақ мейрамы – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әйел ана – өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны әрқашанда бөлек.

Сіздерді әрбір күнде қасымызда болып, ардақты ана, жанашыр әпке-қарындас, аяулы жар, сүйікті қыздарымыз болғандарыңыз үшін жыл он екі ай қуанышқа бөлеп, аяласақ та артық емес.

Өңіріміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы асыл аналарымыз, аяулы аруларымыз екені белгілі. Жаратылысынан жандары жылуға, жүректері сезім мен сырға толы, тіршілігіміздің сәні болған әйелдер қауымына аймен таласқан әсемдік те, көреген көсемдік те, мейірім мен нәзіктік те тән.

Әр шаңыраққа шырақ, еріне қуат, бала-шағасына шуақ болып отырған арулар қауымынсыз денсаулық сақтау, білім, мәдениет, журналистика, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру сынды халқымыз үшін ең маңызды салаларды елестету тіпті мүмкін емес. Сіздердің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті баянды етудегі рөлдеріңіз де ерекше.  Өйткені, «Ана ұлтты тәрбиелейді» деген сөз қазақта бекер айтылмаған. Көктемнің алғашқы күндерімен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Табиғат ана жанданып, мейірім шуағын молайтып, дүние түрлі түске боялатын көктемнің әсем мерекесі шуақты шаттығы мен баянды бақытын сыйласын.

Анасын асылым деп санайтын, әпке-жеңгелерін қымбатына балайтын, қарындасын қарлығашым деп қадірлейтін, өмірінің қосағы сүйікті жары мен тәтті сезімінің жемісі өз қызын жанындай жақсы көретін ерлер қауымының сіздерге деген құрметі мен ілтипаты қашан да шексіз.

Ел тәуелсіздігін нығайту жолында отбасы мен қоғам жүгін қатар арқалап, қайыспай көтеріп жүрген барлық нәзік жандарымызға айтар алғысымыз шексіз! Шуақты мереке сіздерге жылылығы мен жақсылығын, берекесі мен молшылығын, ырысы мен қуанышын ала келсін, аяулы арулар!

Бүгінгі мерейлі мерекелеріңізде Сіздердің дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке-бірлік пен қуаныш тілеймін!

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті арулар!

Бағдат ҚАРАСАЕВ,

Іле ауданының әкімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button