AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

АТЫРАУДА ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ұлттық құрылтай – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, шешімін табуға бағытталған жалпыұлттық алаң. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған бұл жиын ел игілігі үшін өткір шешімдер қабылдап, маңызды мәселелерді шешетіні анық.

Бүгін бұл отырыс Атырау қаласында өтіп жатыр. Ал, кеше құрылтай мүшелерінің қатысуымен 4 түрлі секцияның мәслихаты ұсымдастырылған болатын. Онда «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият» пен «Білім және ғылым», «Әлеуметтік-экономикалық және аймақтық даму» секілді бағыттар бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ұлттық құрылтайда еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуын қамтамасыз ететін маңызды шешімдер қабылданады деп сенеміз.

Елтаңбаны өзгерту деген оңай шешім емес, алайда қазіргі заманға сай сәні артып, өткен тарихымызбен үндессе, Елтаңбамыздың жаңаруын қолдаймын.
#AMANAT

Алмасбек Сатибаев,
«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button