Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ҮРДІСІ БӘСЕҢСІМЕЙДІ

Қазақстан  Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде, ауылдық елдiмекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, қосымша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын жүзеге асыруда.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік сала бойынша тұрақты мамандармен қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған. Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан басталып, кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда.

Аудан бойынша 2009-2023   жылдар    аралығында 1344 маман көтерме жәрдемақы алып, 2011-2023 жылдар аралығында 345 маман тұрғын-үй сатып алуға бюджеттiк кредит алып баспаналы болды.

Ағымдағы 2024 жылы көтерме жәрдемақы (100 айлық есептік көрсеткіш – 369200 теңге),  баспана алуға жеңілдетілген несие 2023 жылы 1500 АЕК болса, биылғы жылы аудан орталығына (2500 айлық есептік көрсеткіш – 9 230 000 теңге), ауылдық елдімекендерге (2000 айлық есептік көрсеткіш – 7 384 000теңге) 15 жылға дейінгі мерзiмге жылдық 0,01% мөлшерiндегі сыйақысы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі берілді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат) жыл сайын көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдап,  қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады.

Ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге Тізбе қалыптастырады. Ол бір жұмыс күні ішінде аудан  әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – сенім білдірілген өкіл (агент) мәлімет үшін ұсынады. Тізбе сенім білдірілген өкілді (агентті) ақпараттандыру объектілері арқылы бір жұмыс күні ішінде орналастырылады – otbasybank.kz/programm-bank Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі – Портал).

Тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі.

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы құжаттар қабылдануда.

Мамандардың уақытын үнемдеу және оларға әлеуметтік қолдау шараларын алу үрдісін жеңілдету үшін аталған қағиданың 10 тармағына сәйкес, әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік  қолдау  шаралары  ұсынылған  маман  ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Алайда 3 жыл жұмыс істемей жұмыс орындарынан кеткен мамандар да бар. Олар толығымен бюджетке қайтарды. Ал қайтармаған мамандар сот тәртібімен шешілуде.

Бағдарлама Жобаны іске асыру ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған. Халықтың өмір сүру сапасын арттыру, олардың тұрақты  жұмыс істеп, баспаналы болулары мақсатында аталған жоба жүзеге асырылып келе жатыр.

Бүгінде  мемлекеттің тарапынан осы   бағдарламаның көмегімен ауданға жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген мамандар баспаналы болып, бір рет берілетін жәрдемақы алып, отбасын құрып ауданымызда тұрақты жұмыс істеуде. Сол мамандардың бірі – «Жігер» спорттық олимпиадалық түрлері бойынша  БЖСМ» КММ жаттықтырушысы – Д. Жұмаханов пен жұбайы №38 гимназияның денешынықтыру және спорт мұғалімі М.Бейсембаева отбасын құрып, тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит алып тұрақты жұмыс істеуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты  тіршілігін  және  ауылды  аумақтың  әлеуетінің өсуін  қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың  сапалы қызметін көрсету, өңірлік бәсекеге қабілетті артықшылықты  пайдалану  негізінде, ауыл  аумақтарын  тұрақты  дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру  үшін келген, сала мамандарын  ынталандыру болып табылады.

Аталған бағдарлама бойынша дөңгелек стөлдер, семинарлар, ашық есік, жәрмеңкелер өткізіліп, аудандық газетке мақалалар, сайтқа мәліметтер интернет алаңдарда тікелей эфирде жарияланып тұрады.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге орай, жоғарғы оқу орнын жаңа бітіріп, дипломы бар жастар үшін бірінші кезекте «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының көрсетер көмегі зор. Бұл жобада мамандарға жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де оны ақтауы парыз. Қазақстанның болашағы Жастардың қолында.

 

Қ.Бөпетаева,

Іле ауданынының экономика 

және қаржы бөлімінің басшысы                       

Басқа жаңалықтар

Back to top button