Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБілім және ғылымҚоғамЭнергетический ауылдық округі

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬГЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Іле аудандық Білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинеттің тәрбие ісі бойынша әдіскері Бақытжан Зарина Бақытжанқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен аудан мектептерінде білім алатын дарынды, білімді, спорттан, өнерден жүлделі орындарға ие болып, ауданымыздың атын облыс, Республика көлемінде танытып жүрген талантты оқушыларымызды жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберуді насихаттауға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға аудан мектептеріндегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жалпы, «Қазақстан халқына» қоры – мемлекеттік қолдау шараларынан тыс өмірдің негізгі салаларындағы қазақстандықтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған қоғамдық ұйым. Қордың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында қайырымдылық көмек көрсету, азаматтардың рухани, танымдық және өзге де гуманистік қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру үшін қоғамдық денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, өнер, ағарту салаларындағы қайырымдылық жобаларын іске асыру, қордың басқару органдарының шешімдеріне сәйкес өзге де қайырымдылық көмек көрсету.

Шараны аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Бақытжан Зарина Бақытжанқызы ашып, «Қазақстан халқына» қоры аясында атқарылып жатқан игі істер мен жазғы лагерь туралы жан-жақты ақпарат беріп, жаңадан келген тәрбие орынбасарларына жазғы лагерь жұмысы жайлы түсіндіріп өтті. Зарина Бақытжанқызы өз сөзінде «Іле ауданының Білім бөлімі «Қазақстан халқына» қорымен тек биыл ғана емес, бұған дейін де тығыз байланыста. Қордың қолдауымен ауданымыздың дарынды шәкірттері Алматы облысындағы түрлі лагерлерге барып тынығып, демалып, ем алып, бір сергіп қайтқан болатын. «Жаз – 2023» сауықтыру маусымында Іле ауданынан 350 білім алушы осы қордың ұйымдастыруымен лагерлерде тынығып келді. Биыл «Қазақстан халқына» қоры 400 оқушыны жазғы лагермен қамтымақ» — дей келе, 2024 жылдың жазында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры «QH Жаздық Жолдама — 2024» қайырымдылық жоба аясында аудан мектептерінің 10-14 жас аралығындағы ауыл мектептеріндегі оқуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, лауреат иегерлері және мектеп өміріне белсене араласатын 400 оқушыға бөлінген жолдаманың сертификаттарын табыстады.

Мәдени шара №38 мектеп-гимназиясының дарынды жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Жас әншілері Оралхан Назерке, Санатұлы Аян, Мұхтар Дулат әуелетіп ән шырқаса,  республикалық, облыстық сайыстарда топ жарып І орын иеленген  жас жұлдыз Рамазан Маулен флейтада «Элегия»  сазын ойнап, жас күйші Жүсіпназар Мөлдір жетіген аспабында  «Аққу» күйін тартып, тыңдаушыларды тәнті етті.

 

З. БАҚЫТЖАН,

Білім бөлімінің әдіскері

Басқа жаңалықтар

Back to top button