Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыБасты ақпарат

ІЛЕ АУДАНЫ БОЙЫНША 2024 ЖЫЛҒЫ СУҒАРУ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Іле ауданының 27131 га Суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету үшін — аудан аумағымен  үлкен, орта және шағын 12 өзендер ағады, олардың жалпы ұзындығы 300 км. құрайды. Суармалы жерлерге су алу үшін жалпы ұзындығы 556 км болатын 23 суару желісі, оның ішінде 161,38 — шаруашылық аралық арна және 394,612 км — ішкі шаруашылық желісі пайдаланылады, сондай-ақ жалпы жинақталған су көлемі 155 млн. м³  болатын 34 су қоймасы мен тоған пайдаланылады. Оның ішінде ауданаралық «Күрті» су қоймасы 120 млн. м³ (Іле, Жамбыл ауданы)

Іле ауданындағы жер үсті су ресурстары вегетациялық кезеңде небәрі 85-90 млн.м³  болады, бұл судың жалпы қажеттілігінің 82% -ын ғана құрайды және аудан аумағындағы қарасу мен бұлақ сулары есебінен тек 1,5 млн.м³, яғни 0,04% ғана жиналады. Қалған су көлемі көршілес аудандар мен Алматы қаласынан келеді.

2023 жылы «Ілеирригация» СШ МКК, 6685 га суармалы алқапқа, 50,182 мың.м³ суармалы су көлемін жеткізіп беру қызметін көрсету үшін 344 келісім шарт жасалды, жалпы сомасы — 58284,2 мың. теңгені құрайды. Оның ішінде таза суармалы — 31631 мың.м³ су беру бойынша, 51495,3 мың теңге сомасына шарт жасалған, сарқынды суармалы — 18551 мың.м³ су бойынша, 6418,6 мың теңге сомасына шарт жасалған.

Нақты (фактический) берілген су көлемі 48817 мың м³, жалпы сомасы 56151,9 мың теңге, оның ішінде таза суармалы су көлемі — 30625 мың м³, сомасы 49857,5 мың теңгеге, сарқынды суармалы су көлемі — 18192 мың м³, сомасы — 6294,4 мың теңгеге қызмет көрсетілді.

Жоспар бойынша су беру — 54525 мың м³ су көлемін құрайды, осыдан нақты берілген су көлемі — 48817 мың.м³ немесе 89,5% құрайды, оның ішінде жоспар бойынша — 35000 мың м³ таза суармалы су, нақты қызмет көрсетілгені — 30625 мың м3, яғни 87,5% -ға орындалды, сарқынды суармалы су бойынша жоспарда — 19525 мың м3 болғанда, нақты қызмет көрсетілген көлемі — 18192 мың.м3, яғни  93,2% -ға орындалды.

Климаттың өзгеруі су ресурстарының азаюын көрсетіп отыр. Өзен сулары көлемі азаюда, 1980-1990 жылдары орташа алғанда суару науқаны кезеңінде су көздерінде 5-6 м3/с шамасында су болатын, ал қазір бар болғаны 1-1,5 м3/с, яғни 25% қалған. Ауданның су лимитінің көлемі 110 млн. м³-ден 80-85 млн. м3 дейін төмендейді деп күтілуде, яғни минус 20-25 млн. м3. Су көлемінің азаюы салдарынан 1780 га алқап қауіпті суару аймағында болады. Су таратудың азайтылған 80-85 млн. м3 лимиті суармалы жердің тек 18028 гектарын ғана суармалы сумен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, суармалы жер алқаптары қысқартылады.

1980 жылдары суармалы алқаптың 27 мың га пайдаланылса, қазір тиісінше 20 мың га ол 74% құрайды.

2023 жылы суармалы су көздеріндегі су тапшылығының салдарынан жоспардағы 110 млн. м3 суармалы судың орнына 80-85 млн.м3, яғни 73% шамасында болады деп күтілуде. Суармалы алқаптардың азаюына жол бермеу үшін, су тұтынушылар арасындағы пайыздық арақатынастағы су көлемінің өзгеруіне түзету жүргізілетін болады. Сондай-ақ ылғал үнемдейтін технологияларға, мысалы тамшылатып суару, жаңбырлату және басқаларына көшуіміз қажет. Бұл ретте су объектiлерiн күрделi жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған iс-шараларға сәйкес жүргiзiлетiн болады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен төменде көрсетілген іс-шаралар жүргізу қажет:

– Ирригациялық желілерді дайындау (құрылыстарды тазалау және жөндеу)

– Су айналымының уақытша кестесін қолдану

– Ылғал үнемдеу технологияларына көшу, яғни тамшылатып суару, жаңбырлату, шлангпен суару және басқалары сияқты суарудың прогрессивті тәсілі

– Түнгі суару

Ылғал сақтау технологиясы

Ылғал сақтау технологияларына көшу жоспары бойынша:

Қазіргі уақытта Іле ауданында тамшылатып суғару алқабы 260 га құрайды. 2024-2025 жылдарға жасалған жоспар бойынша 6500 га жеткізу көзделген, оның ішінде: 3118 га тамшылытып суғару әдісі; 3382 га жаңбырлатып суғару әдісі бойынша

Сарқынды суды суаруға пайдалану

Қазақстан Республикасында Нормативтік құқықтық актінің (НҚА) және Биологиялық тазартудан кейін жемшөп және техникалық дақылдарды суаруға сарқынды суды пайдалануды экологиялық есептеу әдістемесінің жоқтығынан «Алматы облысының экология департаменті» РММ сарқынды суларды суаруға тыйым салады. Алматы облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасарының хаттамалық шешімі ғана 7 жыл бойы суаруға су алуды уақытша шешті. Баламалы су көзі жоқ. Сарқынды суды суаруға 1972 жылдан бастап пайдаланады. Мәселе 2014 жылдан басталған.

Биологиялық тазартудан кейін тазартылған сарқынды суды жем-шөп және техникалық дақылдарды суаруға жіберу мәселесін шешу, сондай-ақ Норматиыті Құқықтық Акт мен Сарқынды суды пайдалануды экологиялық есептеу әдістемесін әзірлеу қажет. Бұл мәселені Экология және табиғи ресурстар министрлігі, вице-министр Серік Салаватұлы Қожаниязов шешуге, бақылауға алды.

Суғару желілерін жөндеу жұмыстары.

Суармалы жерлерге су тапшылығын азайту және каналдың ПӘК  ұлғайту үшін ауданда бірнеше жыл бойы ирригациялық желілер жөнделеді.

2022 жылдан Свинсовхозный каналы 231,992 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге 2022 жылы Самбет каналы 318 млн. теңгеге жөнделді, екеуінің жалпы сметалық құны 549,992 млн. теңге.

Сондай-ақ, 2024-2026 жылдар аралығында ауданымыздағы 10 каналды күрделі жөндеу үшін мемлекеттен 14 млрд тенге қаражат қарастырылған. Соның биылға, 2024 жылға жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 4,0 млрд. теңге бөлініп, мердігер компания «Толағай» ЖШС: «Чала», «Құралас», «Қосөзен сарқынды су» каналдарын күрделі жөндеуден өткізеді.

Тариф

2024 жылы Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментінің 26.11.2020 жылғы № 199-НҚ бұйрығымен:

– Таза суармалы су бойынша — 1,805 теңге /м3

– Сарқынды суармалы су бойынша — 0,408 теңге /м3

Су берудің 1 м3 арналған субсидиялар мөлшері:

(1,805 теңге-0,40 теңге) х 60% = 0,843 теңге/м3 немесе бекітілген тарифтің 46,7% құрайды.

Мұндағы 1 м3 0,4 теңге — тарифтің субсидияланбаған бөлігі болып табылады.

Субсидия алу кезінде судың құны 1 м3 үшін 0,843 теңгені құрайды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button