Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғамЭкономика

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА СУ ЖАҢА ПОЛИМЕРБЕТОН ҚОЛДАНЫЛМАҚ

ҚР КМ АЖК “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының басшысы Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаевтың бастамасымен жол құрылысына қатысты компания өкілдерімен оқу-семинар түрінде кездесу өтті. Жиынға K2 Engineering құрылыс технологияларын, материалдары мен жабдықтарын шығаратын мекеме мен «ДСУ-13» ЖШС, «ЖОЛ» ЖШС, «АБК КАРЬЕР ДРСУ» ЖШС және «Дортехмонтажсервис» ЖШС басшылары қатысты. Кездесу барысында жол саласында, көпірлерде қолданатын бір және көп профильді модульдік деформациялық жіктерді орындау түрлері қарастырылды.


Мәселен, K2 Engineering компаниясы өндірген деформациялық жіктерде қолдануға болатын жаңа материал К2-ПБ маркалы полимербетон қысқа уақытта қолданылады; сонымен қатар, гидрооқшаулағыш және жол төсемінің үстіңгі қабатын біріктіреді, ойықтың алдын алады және қызмет ету мерзімін ұзартады, одан бөлек көлік қозғалысына жайлы әрі жолдағы шу деңгейін төмендетеді, ыстық аймақтарда пластикалық деформацияға төзімділігі жоғары екені айтылды. Бұл технологияны Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қолдану «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалына ұсыну туралы шешім қабылданды. Айта кетейік «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» еліміздегі жол сапасының жақсаруына айрықша көңіл бөледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button