АУДАНЫМЫЗДА ЖАҚЫН АРАДА ІРІ ҚАЗ ФЕРМАСЫ АШЫЛУЫ МҮМКІН
Іле ауданының танымал кәсіпкері Юлия Барсукова қаздарды өсіруді пайдалы бизнес санайды. Ол бірнеше жылдан бері қаз фермасын құру идеясын көтеріп келеді. Қазір кәсіпкер Татарстан республикасында 16 наурыздан 28 сәуірге дейін Қазан қаласында өтіп жатқан ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысуда.
Юлиямен телефон арқылы сөйлестік, ол іссапары туралы кеңінен түсіндіріп айтып берді. Татар фермерлерінің тәжірибесін үйренуге құлшынып жүргенін айтты.
– Бүгінгі таңда біз Татарстанның ірі құс фабрикаларының бірімен шарт жасастық. Олардың Татарстаннан бөлек Марий Эль Республикасында да бірнеше ірі қаз өсіру фермалары бар екен. Фермаларда жалпы ата-аналық табыны 65 мың қазды құрайды. Қазір мен Татарстанның ірі құс өсірушілерінің құс өсіру курстарымен белсенді айналысамын, түрлі шеберлік сабақтарына қатысамын. Курста қаздарды өсіру үнемді бизнес екеніне көз жеткіздім. Осы республиканың көптеген тұрғындары құс шаруашылығының осы түрімен табысты айналысып жатқанының куәсі болдым, — деп бөлісті Юлия Барсукова.
Қаз еті – құс еттерінің ішінде ең пайдалыларының бірі. Оның құрамында табиғи ақуыз мен май көп. Әрі дәмді, сонымен қатар халал өнімдер. Әдетте қаз еті Жаңа жыл мен Рождество мерекелерінде көп сатып алынады. Ферманың жұмысын жыл бойына табыс әкелетін етіп ұйымдастыруға болады. Қаз – іс жүзінде қалдықсыз құс. Керемет етімен қоса, бауырын да жақсы көреді, таптырмас десерттік тағамның қатарына жатады. Содан кейін жұмыртқасы, қауырсындары және мамық жүндері бар. Тіпті қиларының өзі құнды тыңайтқыш болып табылады екен. Кәсіпкер, өкінішке қарай, біздің Қазақстанда қаз етінің бағасы тым жоғары екенін атап өтті. Сондықтан, қаз асырау – кенжелеп дамып келе жатқан сала. Бағасы, негізінен, жылқы етімен бірдей. Қазды тұрақты түрде асырап, дамытып, өсірумен айналысатын болсаңыз, онда бұл өте тиімді болады.
Қазір Юлия Барсукова бірнеше ресейлік кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр және биыл 5-6 мыңға жуық қаз алуды жоспарлап отыр. Ол бәрі ойдағыдай болады және бәрі жақсы болатынына сенеді.
– Қазды көп асырап, жергілікті тұтынушыларға сатып, пайдаға бата алмайтынымызды түсінеміз. сондықтан біз экспортқа бет бұрғанымыз абзалдырақ, — деп атап өтті іскер әйел.
– Алдымызға жоспарлап қойған бизнесіміздің отандық ауылшаруашылық министірлігі немесе «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палаталарынан қолдау табатынына үміттіміз. Бір сөзбен айтқанда, біз ауданда үлкен қаз фермасын құруға ниеттіміз – дейді кәсіпкер.
Айта кетейік әрбір ауылдық жерде тұратын отбасы, отбасылық бюджетті үнемдей отырып, қаздарды өсіре алады. Қазір біз өзін-өзі дамытумен белсенді айналысамыз, жарнамаға, оның ішінде әлеуметтік желілерге өз кәсіпорнымыз туралы айту үшін инвестиция саламыз, хабарландырулар береміз. Біз өз кәсібімізде жергілікті тұтынушыларға қамқорлық жасай отырып, даму стратегиясын ойластырамыз. Бірақ, өкініші де жоқ емес. Қазды шет елден әкелуде салынатын импортқа салық, инновациялық идеяны жүзеге асыруды қиындатады және осы тұста қаз өсіру тура кәсібінің ең алғашқы қиындығы да басталады екен.
Бағдат ШОЙБАС