Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ

Бүгінгі жас ұрпақ ата-бабаларының ерлігін еске ала отырып, осы бір жұмыр жерді, нәзік жаратылысты соғыс пен зұлматтың зорлығынан құтқаруға тырысары сөзсіз. Сұм соғыстың сұрапыл кезеңдері бізден қаншалықты алыс болса, Жеңіс те соғұрлым маңызды. Өйткені, бұл – Отанға, адамзатқа аянбай қызмет етудің шынайы өлшемі.

9 мамыр адамзат тарихында жақсылықтың зұлымдықты жеңген, фашизмді біржолата тізе бүктірген айтулы күн ретінде мәңгілік есте қалады. Бұл күні біз Отан үшін опат болған марқұмдардың рухына тағзым етеміз.

Сонымен бірге, өздерінің адалдығымен, жеңіске деген мызғымас күш-жігерімен, өнегелі өмір жолындағы қажырлы еңбегімен әлемге жасампаздықтың жарқын үлгісін паш еткен көзі тірі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеміз. 1941 жылдың 22 маусымы күні фашистік Германия КСРО-ға басып кірген кезде олардың алды 14-15 жаста болса, соғыс аяқталғанда 18 жасқа келіпті. Міне, осы сұм соғыс балалық шағын ұрлап, ерте есейіп, еңбекке ерте араласқан буын бүгінгі күні «тыл ардагері» деген мәртебеге өте лайықты екені дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі кезде соғысқа қатысушылармен қатар, олардың ізін баса өкшелес дүниеге келген тыл ардагерлерінің де қатары күн сайын селдіреп, азайып барады. Оларға тылдағы иықтары қайысып, белдері майысып істеген ауыр жұмыстары үшін Балалық шағын соғыстың «суығы ұрған», майданның ауыртпалығын марғасқа жігіттермен бірге көтерген «соғыс балаларына» ерекше құрмет көрсетіп, есімдерін алтын әріппен тарихта қалдырып, болашақ ұрпақ есінде мәңгі сақталуы қажет.

Таза Қазақстан акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұжымы тыл ардагерлері Ахметова О., Пустовалова Н.Н., Зозуленка В.А., Новикова В.И., Говченка Е.Н., Ведерникова Л.Г.  үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, келе жатқан мейрамдарымен құттықтап, ақ батасын алып қайтты.

Кешегі сұрапыл соғыста от кешкен аға ұрпақтың ерлігіне шексіз алғыс айта отырып, сіздерге бейбіт аспан, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне мың тағзым!

Ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлдене берсін

 

   Ж. Енсепбаева,

жанұя отбасын қолдау орталығының

 әлеуметтік қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button