Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыДенсаулықҚоғам

ДҮНИЕНІҢ ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН…

Жыл сайын мамыр айының 12-сі күні Дүниежүзілік мейірбикелер күні атап өтіледі. Осы бір мерекені пайдалана отырып, орталық ауруханадағы үздік медицина саласында көзге көріне бермейтін мейіркештердің жұмыстарын газет бетіне жариялаймыз. Біздің назарымыз орталық перзентхана жұмысына түсті. Бүгінгі Іле аудандық орталық аурухана ауласындағы төрт қабатты перзентхана бөлімінде қайнаған жұмыс бастан асып жатыр. Перзентхананың жоғары санаттағы аға мейірбике  Гауһар Ақанқызының тілшілерге келіп сұхбат беретіндей уақыты болмай жатыр. Біз күнара барып тұрып, аз уақыт қана тіл табысып жалпы перзентханада күні-түні жұмыс істеп жатқан мейіркештердің хал-ахуалына қанықтық. Күніне 15-25 әйел келеді екен. Мұнда жылына орта есеппен 4810-дай нәресте  жарық дүние есігін ашады.

Осы жұмыстардың басы-қасында жүрген мейіркештердің еңбегі зор. Бүгінгі мейірбикелеріміз  тек қана дәрігердің көмекшісі  ғана емес, ол кәсіби білімді, науқастарға көмек көрсету барысында тез, тиімді шешім қабылдай алатын медицина қызметкері, өз ісінің шебер маманы.

Біздің Іле аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде бүгінгі таңда 60 орта буынды медицина мамандары мен 43 кіші медбикелер қызмет атқаруда. Мейірбикелеріміз бүгінгі уақыт талабына сай,  жан-жақты білімдерін үнемі жетілдіріп жүрген,жаңалықтың, жақсылықтың жаршылары. Талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері. Мейірбикелердің науқастарды емдеу барысында,  ауруынан айықтыру барысында жасап жатқан  еңбектері айтарлықтай зор. Перезентхана бөлімінде жатқан жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге, өмір есігін енді ашқан нәрестелерге деген көмектерін аса үлкен  жауапкершілікпен, мейірімділікпен атқарып жүрген әріптестеріміз  баршамызға үлгі болатын жандар. Мейірбике – денсаулық сақтау саласында өз міндеттерін басшылыққа ала отырып, науқастарға мейрімділікпен демеушілік көрсетіп, дертіне дауа сыйлаушы ақ халатты абзал жан.

Перзентхана бөлімінің жоғары білімді,жоғары санатты аға акушері Курманалиева Гаухар Ақаңкызы жетекші жасап келе жатыр. Ерекше айтып кетсек 1989 жылдан бастап перзентхана бөлімінде жүмыс атқарып жүрген  акушерлері: Сайбекова Алия, Адильбекова  Асель, Токмолдаева Ляззат, Касымова Фаридам, Жаханова Гүлзадым, Жуманиязова Даметкен, Сарсембиева Мейрамкүль, Тоқмолдаева Лазат, Турарова Мадина. Мейірбикелер: Сатиева Райхан, Туманбаева Злиха,,Нургалиева Мейраш, Бердибаева Базаргул, Азермаханова Мейремгул, Кулпыбаева Набат, Алешова Гулнара, Алдамуратова Алима,Манапбаева Айгуль, Байболаева  Бақынгул.

Мейірбикелер  Султанова Роза, Шымырбаева Разия, Байжанова Райхан, Орымбетова Асель, Бейшембиева Дилбар, Кангереева Асем, Сағатбекова Алия, Әлиасқар Назерке, Базарбекова Маржан, Еженханқызы Венера,Болысбекова Рита, Жарылкасынова Куралай. Кіші мейірбикелер: Мамутова Айман, Сатарбаева Раушан, Сагимбаева Гулмира.

Нәрестелерді қарқынды емдеу палатасында өмірге келген шала туылған нәрестелер мен ауруға шалдыққан нәрестелерді емдеп, бақылап, дұрыс күтімін жасаудың арқасында нәрестелер осы перзентханадан жағдайлары жақсарып, басқа емдеу орнына ауыстырылады немесе үйлеріне анасымен бірге шығады.

Мейірбикелер мен кіші мейірбикелердің нәрестелер күтімін жақсы орындағандықтан осындай нәтижелерге жетудеміз. Аналарға  жақсы қарым-қатына пен жүректерінің жылулықтарын және шуақтарын молынан төгіп, өз жұмыстарына адал және мол жауапкершілікпен қарағандықтан нәтиже – бақытты ана мен дені сау нәресте. Аяқтарынан тік тұрып, күн-түн демей  өз денсаулықтарын аямай, істеген жұмыстарыңызға, өлшеусіз еңбек етіп келеді.

Аға акушері Гаухар Ақаңкызы: «Бұл жерге жаңадан келген мейіркештердің акушерлік жұмыстары олардың тез есеюіне, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына көп әсер етеді. Осында жүріп еңбекқорлыққа, табандылыққа шыңдалды. Өмір сыйлау, ата-ананың бақытына бөленудің куәгерлері. Олар өмірдің мәні баланың қадірін терең түсіне білуге үйрететін орын» — дейді.

Перзентхананың артқы жағындағы шығар бөлігінде қашанғы қалпынан танбай жаңа дүниеге келген сәбиін көңілді қарсы алып, десте-десте гүл, айқасқан құшақ, ақжарма тілек, көңілді ел-жұрттар жүр. Бұл қуаныштың артында тоғыз ай тоғыз күнгі үкілеген үміт жатыр. Болашаққа деген үлкен мақсат мұраттар жатқанын перзентхананың мейіркештері ғана жан тәнімен түсіне біледі.

Олай болса,  өз міндеттерін мінсіз атқарып жүрген барша мейірбикелерді  Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерең еңбектеріне, шипалы алақандарына, мейірімді жүректеріне шексіз алғыс айтамыз. Кәсіби еңбектеріңіз халыққа  денсаулық, қуаныш сыйласын!

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button