Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ӨҢІРДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Апта басында Өтеген батыр ауылында, аудандық әкімшіліктің үлкен залында Іле аудандық мәслихатының  XXV кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Б. Қарасаев, аудандық мәслихаттың төрағасы М. Бақытұлы, аудандық әкімшіліктің бөлім басшылары және  ауданның мекеме басшылары, мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының Алматы облысын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша есебі, Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №18-49 «Іле ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу», Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау, Іле ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту;   «Іле ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау» Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы №62-254 шешіміне өзгеріс енгізу туралы маңызды бірнеше тақырыптар қозғалды.

Сондай-ақ аудандық әкімшілікте Іле аудандық мәслихатының  бірлескен тұрақты комиссия отырысы өтті. Онда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының Алматы облысын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша есебі, ауданның елдімекендерінде көше жарықтандыруының  жағдайы, аудандағы спорт және балалар алаңдарының жай-күйісекілді маңызды мәселелер талқыланды.

 

 Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button