Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлік

БАЛАПАН АПАНЫҢ ҚҰРАҚ КӨРПЕЛЕРІ

«Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі
Алматы және Алматы облысы филиалы ашылғанына үш жыл өтіпті. Атаулы датаға байланысты әсем Алматы шаһарының төрінде «Мейізтау» сауықтыру демалыс орнында кеңінен аталып өтті. Қоғамдық бірлестік  осы уақыт ішінде сан қырлы қазақи дәстүрімізді жаңғыртып, насихаттап келеді.

Алматы облысы Іле ауданы филиалы аналары қазақтың қолөнері бұйымдарынан «Мейізтау» демалыс кешеніне қолдан жасалған құрақ көрпелер көрмесін алып барды.
Іле ауданынан келген Байкент ауылы тұрғыны Балапан апайдың өз қолынан шыққан керемет бұйымдар осы тойдың көркін ашып, алыс-жақыннан келген бірлестік ұжымын таңқалдырды. Аналар көрмені тамашалап қазақи дәстүрдің иісі аңқып тұрған құрақ көрпе жасауларына жоғары баға берді. Балапан апай қолынан шыққан әрбір туынды қазақи болмыс пен салт дәстүрімізді келешек ұрпаққа насихаттауда еңбегі ерен жан деуге тұрарлық кісі.

Өзі туралы: «Мен, Балапан Кәдірбек қызы, Байкент ауылының тұрғынымын. Өзім жоғары білімді маманымын. Отыз бесжыл ауылда  қолөнерімен айналысамын. Жиі көрмеге шығамын. Бір ұл,   үш қызым бар, немерелерім бар. Қазір зейнеткермін. Ауылда «Ұлағат» әжелер ансамблінде ән айтамын. Бір жылдай болды «Қазақ аналары дәстүрге жол» қоғамының мүшесімін, шақырған жерлерге өнерімді  көрсетіп жүрмін, қыз жасауы, киіз үй жабдықтарын жасаймын, тағы да көп  өнерлерім бар.

Менің мақсатым қазақтың ұлттық өнері  өшпей, ұмытылмай дамып, ел ортасына көрінсе деп, келешекке жастарға үлгі, өнеге ретінде кеңінен насихаттап келемін – деп ризашылығын білдірді.
Әр ауданнан келген аналардың да тойға шашуы өз алдына ерекше көрініс берді. .
Аналарымыз, үш жылдыққа арналған «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі логотиб суретімен дайындалған төс белгі, Алғыс хат сынды марапаттар алып қуанышты көңіл-күймен қайтты.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button