AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

AMANAT партиясының «Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Алматы облысына жетті

❗️Эстафета аясында «Астана – Алматы» тас жолының басым бөлігі қоқыстан тазартылды

Шараға Алматы облысының еріктілері де қосылды. «Астана – Алматы» тас жолының Жамбыл облысы аумағындағы 224 шақырым учаскеде аманаттықтар мен «Жастар Рухының» белсенділері және волонтерлер жол жиегінен 10 тоннадан астам қоқыс жинады.

Бүгін еріктілер тобы Алматы облысына жетті. Осылайша, бас-аяғы 1 мың шақырымнан астам жол тазартылды.

💬 «Біз эстафетаны Жамбыл облысынан қабылдап алдық. Қазірдің өзінде екі облыстың шекарасында, яғни Қаншеңгел ауылының маңында Жамбыл ауданының 250 тұрғыны акцияға қосылды. Әрі қарай біз тазалық жұмысын Іле ауданының Ақши ауылында жалғастырмақпыз. Онда белсенділер мен волонтерлерден бөлек, жергілікті тұрғындар да тазалық жұмысын жүргізбек», – деді облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғожаев.

Айта кетейік, аталмыш акция Қонаев қаласында мәреге жетпек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button