Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікЦифрлы Қазақстан

БІЗДЕГІ МАҚСАТ — ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ

«Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл, ақ жолдан айнымай ар сақта, оны біл» — деп Шәкәрім атамыз айтқандай әрбір адам еліне шынайы махаббатпен жанашыр болып қызмет етсе нұр үстіне нұр болмақ. Осы тұста «атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген аталы сөз еріксіз еске түседі екен. Елі үшін, жері үшін қызмет еткен тіпті осы жолда өз өмірін құрбан еткен тау тұлғалы азаматтарға қазақтың талай-талай мұңлы тарихы куә. Жаһанданудағы технологияның қарыштап дамыған заманында электрондық базалар ылғи жаңартылып, жетілдіріліп, пысықталып отырады. Осы тұста Мансап орталығы – студенттер мен түлектер, жұмыссыз жүрген еліміздің азаматтары үшін табысты мансапқа жол табуға көмектесетін негізгі ресурс. Бұл сұхбатта біз ауданымыздағы мансап орталығы, ол қандай қызметтерді ұсынады және неге соншалықты маңызды екенін қарастырамыз. Жұмыссыздық мәселелері бойынша жүгінген өтініш иелеріне қоғамдық жұмыс ұсынып, мамандық бойынша жұмыс сұраған тұрғынның мәселесін назарға алып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыраушыларға бағыт-бағдар беріп, халықпен жұмыс істеуде аса жауапкершілікпен қызмет атқарып жүрген Іле ауданы Мансап орталығының бас маманы Алмас Мейіржан Азаматұлымен сұхбат жүргіздік.

Мейіржан Азаматұлы, ең алдымен өзіңіз жайлы білсек деп едік. Қай жақтың тумасысыз? Отбасыңыз? Бұл қызметке қалай келдіңіз?

– Мен Алмас Мейіржан Азаматұлы, Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылының тумасымын. Үйде 3 ағайындымыз, 2 әпкем бар. Ақсеңгір ауылындағы орта мектепте білім алып, 2015 жылы университетке түсіп, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық зерттеу университетін тәмамдадым.  Қазір таңда Іле ауданының тұрғынымын. Бала күнгі арманым мұғалім болу еді. Мансап орталығында 3 жылдан аса қызмет атқарып келемін, негізгі мамандығым – жер және картография саласы. Алайда, бүгінгі таңда атқарып жатқан қызметім өзіме ұнайды. Халыққа қызмет көрсету – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту үшін жағдай жасау, бағыт беру, толыққанды ақпарат беру, адал қызмет ету – біздегі басты мақсат!

– Іле ауданының Мансап орталығы туралы жалпылама айтып өтсеңіз?

Халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Астана қалаларында жергілікті атқарушы органдармен 2011 жылы құрылды. Қазақстан бойынша 200-ден астам халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істеуде. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар және жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзуге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

– Халықты жұмыспен қамту орталықтары халыққа және жұмыс берушілерге қызмет көрсетуде.  ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда облыс орталықтары мен мегаполистерде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылды, ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылды.

Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталды және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасқан мансаптық орталықтарда жалғастырылады.

Жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады. Бүгінгі таңда электронды еңбек биржасы платформасында (www.enbek.kz) және мобильді қосымшада Enbek.kz цифрлық жұмыспен қамту орталығы іске асырылды.

– Жұмыспен қамту бойынша аудандағы ахуал қандай?

– Ауданда жұмыссыз жастар өте көп. Бос жұмыс орындарын ұсынғанымызбен негізгі жұмыссыздықтың себебі – төмен жалақы.  Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында кешенді жоспар құрылып, мемлекет тарапынан бірқатар бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар тәжірибесі» ұйымдастырылады. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың былтырғы жылмен салыстырғанда сәл де болсын төмендегені көңілге жылу ұялатады. Маманның жұмысқа орналасуы жұмыс берушінің талабы мен жас маманның сауаттылығына да байланысты деп ойлаймын. Дегенмен, мемлекет тарапынан жастар үшін арнайы бағдарламалар жасалып, жағдай түзелгені дұрыс. Әйтпесе, айлығы шайлығына жетпейтін жастың мемлекет үшін жаны ашуы екіталай…

– Мейіржан, жұмыссыз ретінде тіркелушілер көп пе? Олар қанша уақытта жұмысқа орналаса алады?

– Барлығы өтініш берушіге байланысты. Ниеті бар, нақты жұмыс істеймін деген адамға ауданда жұмыс орны табылады. Өтініш пен бос жұмыстар тізімін Enbek.kz cайтынан немесе Мансап орталығынан білуге болады. Ұнаған жұмыс орнына өтініш жазып, 3 күнде орналасуға болады. Қазір таңда қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы белең алып жатыр. Алайда, көбісі қоғамдық жұмыс, тәжірибелік жұмыстарға баруға қорқақтайды. Айтарым, жұмыстан қорқып, қашудың қажеті жоқ. Жастар практикасы болсын, кез келген қоғамдық ұсынылған жұмыстар міндетті түрде мемлекет тарапынан жалақы ретінде төленеді.

– Ауданда кәсіпкерлік көкжиегі дамып келеді. Осы ретте жаңа бизнес идеяларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала кетсеңіз…

– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар  бастапқы бизнесті іске асыруды өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі. Гранттар қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, өсімдіктерді, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілері, сондай-ақ сауда объектілері, оның ішінде жалға алу, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілер аумағында Ұлттық жобаға қатысушының бизнес-жобасын іске асыру үшін ғимараттарды жалға алу ақысы ретінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады. Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Оларға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар жатады. Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға  өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10  күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады. Комиссия отырысы порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грант алуға кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға кандидат тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3  жұмыс күні ішінде Порталдағы банк деректемелері бар банк шотын ұсынады. Ол «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйеге жіберіледі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы грант алушының банк шотын алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа  қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

Грант алушы шартты алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйегежіберіледі. Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалғаннан кейін 5  жұмыс күні ішінде грант алушының банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның салық органына береді. Грант алушы грант алған күннен бастап 3 ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді. Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды. Грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді. Грант алушы гранттық қаражат толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда порталдағы «Жеке кабинетте» тиісті өтініш беру арқылы қаражатты ішінара қайтаруды жүзеге асырады.

Ал «Ауыл аманаты» жобасы жайлы айтар болсам  «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:

1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;

2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;

3) ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;

4) мал шаруашылығын дамыту;

5) басқа бағыттағы бизнес жобалар;

Несиенің негізгі шарттары:

1) шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;

2) шағын несиенің ең жоғарғы сомасы — ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;

3) сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;

Несие талаптары:

1) несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;

2) басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;

3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;

4) кепілмен қамтамасыз ету;

5) зейнет жасына жетпеген;

6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет;

– Атаулы әлеуметтік көмек ше? Кімдерге беріледі? Оны қалай алуға болады?

– Атаулы әлеуметтік көмек – аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға

(отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет. Мансап орталығы өтінішті қабылдау кезінде өтініш беруші туралы мәліметтер алу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар қалыптастырады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда мансап орталығы тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді не өтініш беруші құжаттарды қағаз түрінде ұсынады.

– Мансап орталығы  жиі «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырып тұрады. Аудан бойынша қанша бос жұмыс орны бар?

– Күн тәртібіндегі басты мәселе – халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту. Яғни, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету. Көп жағдайда кейбір кәсіпорындар өздеріне лайық мамандарды таппай, кадр тапшылығын сезінеді. Ал, дәл сол уақытта қолынан іс келетін жандар екі қолға бір күрек боларлық жұмыс таппай, сергелдеңге түсіп жүруі мүмкін. Сондықтан да, жұмыс беруші мен іздеушінің жүздесуіне қолайлы алаң – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып отыр. Қазіргі таңда Іле ауданы бойынша 900-ден аса бос жұмыс орындары бар. Аудан көлеміндегі жұмыссыздықты жою мақсатында айына 2-3 рет «бос  жұмыс орынлары» жәрмеңкесін ұйымдастырып тұрамыз. Келіп, қызығушылық  танытқан аудан тұрғындарына жұмыс орындары бойынша кеңес беріліп, ұнаған жағдайда жолдама жіберіліп, бірден сол жерден жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Нәтижесі жаман емес.

– Алдағы мереке қарсаңында әріптестеріңіз бен мемлекет қызметшілеріне айтар жылы лебізіңіз?

– Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ҚР мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейіп, әр салаға кәсіби мамандарды шоғырландыру міндеті тұр. Елімізге адал қызмет ететін, халыққа жанашыр, ақпарат, бағыт беріп жүрген қызметтеріңіз жемісті болғай! Мемлекеттік қызметкердің еңбегі терең біліктілікті, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Халқымызда «Жемісті жұмыс жаныңды жадыратады» деген қанатты сөз бар. Қашан да беделі биік, мақсаты айқын мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен айқындалады. Осы бағытта атқарған жұмыстарыңыз бен алға қойған міндеттеріңіз Сіздерді тек биіктен көрсете берсін. Осы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге табыс тілейміз!

– Әңгімеңізге рахмет, Сізді де келе жатқан мерекеңізбен құттықтай отырып, қызметіңізге  табыс тілейміз.

Карима МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button