АУЫЛ МӘСЕЛЕСІ АУДАН БАСШЫСЫНЫҢ НАЗАРЫНДА
Бүгін аудан әкімі Бағдат Қарасаев бекітілген жоспар кестесіне сәйкес аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындардың мәселесінің басым бөлігі жол сапасы, жұмысқа орналасу және тұрғын үй мәселелеріне қатысты болды. Басым көпшілігі өздерінің толғандырған жеке мәселелерін жеткізді. Қабылдау барысында аудан әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында жауабын берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуы бірқатар мәселелерді анықтау үшін сала бойынша тиісті бөлім басшыларына және кент, ауылдық округ әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді. Ал баспана сұрап келгендерге Коммуналдық немесе жалгерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілген жағдайда «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес және тиісті санат бойынша кезек ретімен қарастырылатынын жеткізді.
Қабылдау кезінде Ақтас ауылдық округі Екпінді ауылынан келген бір топ ауыл ақсақалдарының өтініші жер асты суының көтерілуі болды. Екпінді ауылында көшелер мен бірнеше үйлердің астынан жер асты суы көтеріліп кеткен. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі жауапты мамандарға сол орынға барып, тексерілсін және дренаж салу бойынша сызба дайындалып, қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілсін деген тапсырма берді.
«Бүгін де осы мақсатта бірқатар аудан тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектеріне құлақ түрдім. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жайылымдық жер секілді мәселелерді көтерді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген түйткілдердің бірқатары сол мезетте-ақ шешімін тапса, бір бөлігі рет-ретімен қаралады» — деді аудан басшысы қабылдау өткізілгеннен кейін.
Соңында өңір басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнамалар шеңберінде өз шешімін табады, мемлекеттік органдардың басшыларына халықтың проблемаларын уақытында қарау және шешу қажеттігін еске салып, тиісті тапсырмалар берді.
Өз тілшіміз