Жуырда Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына арналған «Халықпен бірге 20 жыл» акциясы аясында қорытынды іс-шара ұйымдастырылды. Айта кетейік, 2004 жылдың 21 маусымында партия мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2021 жылғы сайлауда ҚХП 9,1% дауыс жинап Парламентке өткен болатын.
Қазақстан Халық партиясы қызметінің мақсаты – ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми социализм принциптерінің негізінде шынайы халықтық билікке, әлеуметтік, әділеттік, жан-жақты руханилық, бостандық пен гүлденген экономикаға қарай алға басу. Осындай қоғамның түпқазығы өз қабілеттерін дамыту және көрсету, сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін толық азаматтық құқықтар мен жан-жақты мүмкіндіктерге иеленетін адам болуға тиіс. Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы қоғамдық бірлестігі — Қазақстан Республикасы азаматтарының, социалистік идеология мен солшыл идеяларды ұстанушылардың ерікті бірлестігі бола отырып, елімізде қоғамдық сананың эволюциялық прогресі және мемлекеттік құрылымдарды одан әрі трансформациялау арқылы қазақстандық ерекшелігі бар «скандинавиялық» социализмді құруға және дамытуға бағытталған.
ҚХП республикамыздағы көптеген орта таптың және халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің саяси ерік-жігерін білдіреді. Қарапайым еңбек адамы мен жұмыссыздар, зейнеткерлер мен жастар, бюджеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар, жалпы алғанда әлеуметтік әділеттілікке, саяси және гендерлік теңдікке, құқықтық қорғауға және азаматтық қоғамды дамытуға ұмтылатындардың барлығы париямен бірге бір сапта.
Партияда мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы органдарында еңбек ететін, халықтың мүддесін қорғауға және адамгершілікті негізге алған, өркениетті әлеуметтік бағдарланған қоғам құруға бағытын ұстанатын азаматтар бар. Мұндай қоғамның басты байлығы да, негізі де азаматтық құқықтарды толық бойына сіңірген және өзiн-өзi көрсету, өз қабiлетiн дамыту мен әртүрлi қажеттiлiктердi жүзеге асыру үшiн кең мүмкiндiктерi бар адам болуы керек.
ҚХП-сы демократия, әлеуметтік әділдік, гендерлік теңдік және құқықтық реттеу принциптерін ұстанатын барлық (оның ішінде халықаралық) қоғамдық, саяси, азаматтық және басқа да бірлестіктермен ынтымақтастыққа дайын.
Осы айтулы күнге орай Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына арналған «Халықпен бірге 20 жыл» жиынында қонақтармен бірге партияның негізгі жетістіктері талқыланып, партия ардагерлеріне және мәслихат депутаттарына құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Аталмыш шараға «ҚХП» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Жүндібаев Төлеужан Дүйсентайұлы, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кенжеқұлов Құрманғали Омарғалиұлы, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы әйелдер кеңесінің төрайымы Жолдыгүл Көпбайқызы, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының депутаты Тукеев Ерболат Аламшаевич, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Мұқашев Есен Сәденұлы, Іле аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Елешев Рамазан Николаевич, Іле аудандық мәслихатының депутаты Котелевский Денис Игоревич және Партия белсендісі Унукович Владимир Иванович қатысты. Қазақстан жазушылар одағы мен Журналисттер одағының мүшесі, Ескелді ауданы және Алматы облысының құрметті азаматы, ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты Сайлаубай Есжанұлы Тойлыбаев Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына арнап сиясы кеппеген өлеңін тарту етіп, дүйім жұртқа паш етті.
Жиынның кіріспесін «ҚХП» ҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Төлеужан Дүйсентайұлы ашып, әріптестерін партияның мерейтойымен құттықтай отырып, мінсіз еңбектері үшін және үнемі мемлекеттік билік пен халықтың арасында алтын көпір орната білгендері үшін алғыс айтты.
20 жылдық тарихы бар ҚХП басты міндеті – тәуелсіз республикамыздың іргетасында бейбіт азаматтық жолмен, қуатты, өміршең, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру, оның ең жоғары құндылығы ҚР Конституциясының нормаларында көрсетілгендей, әрбір қазақстандықтың өмірі, оның құқықтары мен бостандықтарын айрықша қорғау және қалыптастыру болып табылады.
Карима ДАУТҚАН