AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтары

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» — ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ

Өздеріңізге белгілі «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ақпан – сәуір айларында
Іле ауданында 594 азаматқа қаржылық сауаттылық бойынша арнайы дәріс өтті.

Осыған орай, бүгін Іле ауданы Күрті ауылдық округінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқытудың екінші кезеңі басталды.

Аудан бойынша жыл аяғына дейін 1300 адамды оқыту жоспарлануда. Қазіргі таңда алғашқы 50 адамға дәріс басталып, бір апта оқитын болады. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар.

Тегін оқыту 5 күнге созылады. Топтық сабақтардан басқа тыңдаушылар қаржылық сарапшы мен заңгерден жеке кеңес ала алады. Оқуға https://qogamfin.kz/kk сайтында, өзіңіздің ауылдық аймағыңыздың әкімдігінде және «АМАНАТ» партиясының аумақтық филиалдарында тіркелуге болады.

Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген аудан тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button