Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗорлық-зомбылыққа жол жоқ!Қоғам

АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ ОТЫРЫС ӨТТІ

«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле ауданының бөлімінің  ұйымдастыруымен аудандық кітапханада аудандық Ассамблея жастарымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында кездесу өткізілді.

Шара барысында жетекші-сарапшы Аязбаева Гүлмарал зорлық-зомбылық, оның  түрлеріне кеңінен тоқталып, зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар  екендігін айтып, жастарды ұлтжанды болуға, бұзақылық істерге бармауға шақырып, парасатты тұлға болып өсуінің маңыздылығына тоқталды.

Аға сарапшы  Ғалымжан Нұрғазы жастар арасындағы әлімжеттік, яғни буллингтің залалының себебінен олардың құқық бұзатынын, қылмыс жасайтындығын да атап өтті. Жастарға құқығын қорғаудың өзектілігі турасындағы мағлұмат беріліп, Іле таңы газетінің тілшісі Даутқан Карима «Зорлық-зомбылықты қандай адам жасай алады, алдын-алу шаралары, Үкімет тарапынан қандай жұмыстар жүргізілуде» сынды тақырыптарда ой бөлісіп, пікір  алмасты.

Шараға Ассамблея жастары,аудандық редакция мүшелері, Жастар ресурстық орталығы мамандары қатысты. Мақсаты:   зорлық-зомбылық туралы түсінік беру, қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірге төзімділігін қалыптастыру.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button