Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңесінің алдында Іле ауданы әкімінің 2024 жылдың І жартыжылдығында атақарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Сессияға   аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Мәлікұлы Мамбетжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, аудандық бөлімдер мен басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің және Боралдай кентінің әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Алғашқы мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз Іле ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Мәлікұлы Мамбетжановқа берілді. Н. Мәлікұлының мәлімдеуінше, аудандағы кәсіпорындар мен  кәсіпкерлік субъектілері, ауылшаруашылық қызметкерлерімен бірігіп атқарған еңбектің нәтижесінде І жартыжылдықта ауданымыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылы – 353,0 млрд. теңгені құраса,  биылғы жылдың қаңтар – маусым айларындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 362,2 млрд.теңгені көрсеткен. Облыстың жалпы көлеміндегі ауданның үлесі 42% артып, нақты көлем индексі -100,3% құрады. 16 жаңа өндірісті енгізу, жұмыс істеп тұрған 11 кәсіпорынды кеңейту есебінен және орта кәсіпорынның өндірісін ұлғайту есебінен 2024 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 730 млрд .теңгеге дейін жеткізіп, 500 жаңа жұмыс орнын  ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» бағдарламасы аясында 2024 жылдың басынан ауданның 41 кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 6,3 млрд.теңгеге қаржылық қолдау көрсетілді.

Ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінің субъектілер саны 21 279 бірлікті құрады. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 42 658 адамнан асты.

Биыл «Галанз Ботлерс» – жұмыс істеп тұрған зауыты, өндірістік және қойма алаңдарын кеңейту, инвестиция соммасы 7,6 млрд.теңге 120 жаңа жұмыс орындық кешен іске қосылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жылына 63,0 мың тонна балмұздақ шығаратын, 720 жұмыс орындық, құны 34,9 млн. теңгеге «Шин-Лайн» зауыты құрылысының 2-кезеңі аяқталады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауданда әр округ бойынша  мониторингтік топ тауарлардың бағасына мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Аудан аумағында  стационарлық емес сауда объектілеріне 4 орын бекітілді (Боралдай кенті, Қараой а.о, Жетіген а.о, Ащыбұлақ а.о). Аталған бағытта 6 ауылдық округ әкімдіктерімен жұмыс жүргізілмейді (Өтеген батыр а/о, Байсерке а/о, Байкент а/о, Ақсай а/о, Күрті а/о, Асқар Тоқпанов а/о).

Іле ауданы бойынша 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысында «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 2023 жылы  833,2 млн. теңге сомасына 103 жоба құжаттары тапсырылып 686,3 млн.теңге сомасына 87 жоба мақұлданды, 71 жеке кәсіпкерге 558,3 млн. теңге сомасына несие берілді.

Кезекті жиында Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Қ. Бөпетаева Іле ауданының жергілікті бюджетінен  Алатау қаласына кететін шығындарды есептей отырып, облыстық бюджет  трансферттері есебінен 2024 жылдың бюджетіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Аудан көлемінде кірістер 2 млрд. 603,3 млн.теңгеге қысқартылды.

Атап айтқанда, салықтық түсімдер – 7 млрд. 335,3 млн. теңгеге кеміді; табыс салығы – 9 млрд. 222,6 млн. теңгеге артты; тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар яғни акциз – 16 млрд. 767,9 млн теңгеге кеміді; салықтық емес түсімдер – 37,4 млн. теңгеге артты; ағымдағы нысаналы трансферттер – 150,2 млн.теңге кеміді; даму трансферттері – 55,6 млн.теңге кеміді; төмен тұрған бюджеттен алатын трансферттер – 4 млрд. 900,5 млн.теңге артты; мемлекеттік ішкі қарыздар  – 1 млрд. 227,1 млн.теңгеге кеміді; жалпы шығындар 3 млрд. 830,4 млн. теңгеге қысқарды. Оның ішінде Алатау қаласына кеткен шығындар – 811,7 млн. теңгені құрайды.

Аталмыш жиынға қатысушылар да еңгізілген өзгерістерге байланысты сауалдарын жолдап, аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Мәлікұлы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Карима ДАУТҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button