Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМәдениет

ТАРИХЫМЫЗДЫ ТҮГЕНДЕУДЕН ШАРШАМАЙЫҚ

Бүгін,  15.07.24ж. Алматы қаласы Достық даңғылы бойындағы  Шыңғыс Мұқан бауырымыздың басшылығындағы «Coffee Book» кофехана орталығында қазақтың үш бірдей,  қасиетті қара қаламның  киесін ұстаған» ұлтымыздың тарих қойнауына кеткен сан ғасыр  тарихы тұстарында   белгілі болған ұлы тұлғаларды, әр кезеңдегі  асыл перзенттерін тарих бетіне қайта шығарып жаңғыртып жүрген жазушыларымыз, белгілі қаламгер қазақтың аяулы қызы Сәуле Досжан замандасымыз және Шыңғыс қаған әулетінен сыр шертетін дарынды қарымды қаламгер ақын Ұларбек Дәлейұлының шығармалары және жас та болса арыны мықты  Асылхан Тілеген баламыздың туындылары оқырман қауыммен жастарға, жасөспірімдерге таныстырылып керемет кездесу болды. Алдағы уақытта кітап сүйер қауымның қарасы қалыңдап жазушыларымыздың қаламынан құнды дүниелер төгіле бергей.

Іс-шарада үш автордың
«Жошы хан кім?», – Ұларбек  Дәлейұлы,  «Мәншүк Мәметова кім?»,  –  Асылан Тілеген және
«Жақсылық Үшкемпіров кім?», – Сәуле Досжан авторлықтарында өткен «Тұлға тану» сериясы желісіне орай жастармен және кітапсүйер қауыммен өткен
кездесу  сұрақ-жауаптар барысында өте қызықты  өтті. Авторлар балалардың кітап оқуы жөнінде мағыналы, мәнді ойлар айтты. Кітап оқыған баланың бойында биік рух болатынына арнайы тоқталды, болашағымыз болған  жасөспірімдерді кітап оқуға шақырды.
Іс-шараны  осы орталықтың басшысы «Мазмұндама» кітаптар желісін құрушы   Шыңғыс  Мұқан бауырымыз  өзі ашты. «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы Іле ауданы филиалы аналары және Алматы қаласы Медеу ауданы филиалы  төрайымы Айсара ханым аналарымен  келіп ақ тілектерін білдірді. Тарихымыздың әр кезеңінде өткен ұлы тұлғалардың өмірі, ұлт болып қалыптасып осы күнге жетуімізге үлес қосқан небір қолбасшы хандар мен билердің  одан бері қарай әлемге аты танылған  ғалымдармен  өркениет әлеміне еңбегі сіңген белгілі  тұлғаларды, жасөспірімдерге таныстырудағы махсат, осындай  құнды дүниелерді әрбір жазушының қылқаламынан жаңаша серпінмен тарих бетіне шыға  беруіне және де  жас өспірімдерден бастап санасына құя беруге сіз бен біздің қолға алар ең өзекті мәселенің бірі  болуы керек деп  ойлаймын.
Әсіресе, Қазақ хандарының ең бірінші ізін салып кеткен Жошы хан туралы, оқырманға керемет дүние ұсынған Ұларбек бауырымыздың табандылығы мен жан-жақты ізденімпаздығы Жошы ханға деген оқырманның  көзқарасын, қазақтың  ұлт болып ұйысуына көп ықпалын тигізген ұлы тұлға ретінде таныстырылып, елдің  ыстық ықыласына ие болып жатыр екен. Ұларбек бауырымыз  әлі де көптеген керемет тарихи дүниелер жазып қалың оқырманға ұсынады деп ойлаймын. Келген қонақтардан сөз алған алаштанушы  Елдос Тоқтарбай бауырымыздың қанатты сөздері жастарымызға рух беріп, аналардың да  көңілін серпіліп тастады.
«Қазақ аналары дәстүрге жол «РҚБ мүшесі  батагөй ана  Ұяхан апамыз сөз алып жастарға батасын берді.

 

«Қазақ аналары дәстүрге жол» РҚБ
Алматы облысы Іле ауданы филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button