Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

“Жасыл ел” жасақтарының ХХ маусымы ашылды

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XX маусымының ашылу салтанаты Қонаев қаласында өтті.

Еліміз бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғай отырып, еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша «Жасыл ел» еңбек жасағына 14 пен 35 жас аралығындағы 1000-нан аса жас сарбаз тартылып, маусымдық жұмыспен қамтылады.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін, «Жасыл ел» сарбаздары Қапшағай су қоймасының жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп, демалушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны ластамау бойынша ақпараттық түсіндірме акциясын өткізді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button