Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАхмет БайтұрсынұлыҚазақстан жаңалықтарыҚоғамӨндіріс және кәсіпкерлікЭкономика

АУДАНЫМЫЗДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Еліміздің Президенті Қ. Тоқаев өз сөзінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан, экология – ел ертеңі үшін маңызды. Қатты тұрмыстық  қалдықтар проблемасын шешу – бұл, ең алдымен, тұрғындардың денсаулығын қамтамасыз ету. Оның ішінде, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе» деген болатын. Бұл ретте 2025 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 34% жеткізу мемлекет алдында тұрған нақты міндеттердің біріне айналып отыр. Шілде айының 24 күні ауданымызда қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында Алматы облысы Іле ауданында «Қатты тұрмыстық қалдықтарды қалдықсыз өңдеу техно-экопаркін салу және іске қосу» жобасын жүзеге асыру үшін заманауи және инновациялық қатты тұрмыстық қалдықтарды өндіру зауыт құрылысының алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Жиынға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Тұрмыстық қалдықтар полигонының сенімгерлік басқарушысы «ADC TAZA А ‘Lem» ЖШС негізінде қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді материалдарды, темірбетон бұйымдарын қайта өңдейтін және қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт кешенінің жобасы «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асады. Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткен болатын. Жобаның жалпы құны шамамен 32,6 млрд. теңгені құрайды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан сұралған сома 24,3 млрд. теңге.

«ADC TAZA А ‘Lem» компаниясының атқарушы директоры Ерлан Болатжанұлы: «Бүгінгі шара өте маңызды жобалардың бірі деп білемін. Іргетасы қаланатын зауыттың жалпы ауданы 32 гектар. Бізде күнделікті 700 тонна көлемінде қоқыс өңделіп, сағатына 18 мегаВТ электр тоғы шығарылады. Осы жоба іске қосылғанда 160-қа жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз», — деді.

2023 жылы елімізде шамамен 4,1 млн. тонна коммуналдық қалдықтар түзілді, оның ішінде 1 млн.тонна (24%) сұрыпталды және қайта өңделді (2022 жылы шамамен 4,3 млн. тонна ҚТҚ түзілді, оның 25% қайта өңделді), қалған көлемі ҚТҚ полигондарында көмілді.

«Мемлекет басшысы 2024 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған зауыттарды салуды тапсырды. ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы жобалау тобы барлық әкімдіктермен, сондай-ақ салалық бизнес өкілдерімен кеңес өткізе отырып, қорытындылай келе 232,2 млрд. теңге сомасына 94 жоба іріктелді. Жобаның мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтардың қайта өңдеу құрамын ұлғайту. Бүгінде 1 млн тонна қалдықтар қайта өңделсе, көлемді 2,2 млн тоннаға көбейту көзделіп отыр. Бұндай үлкен жобаларды іске асыру еліміздің экология, экономикасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз»,- деді өз сөзінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қалдықтарды басқару Департаменті директорының орынбасары Тукенов Руслан Кәрімұлы.

Берілген ақпаратқа сүйенсек, Алматы облысында 2023 жылы 440 мың тонна коммуналдық қалдықтар түзіліп, оның 92 мың тоннасы сұрыпталып, қайта өңделді, бұл 21,1% құрайды.

 

Карима МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ

Басқа жаңалықтар

Back to top button