Аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды қабылдады
30-шілде күні аудан әкімінің орынбасары Нурлан Мамбетжанов «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында аудан тұрғындарын қабылдап, жеке мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Аудан әкімінің орынбасарының қабылдауына 15 тұрғын қатынасты.
Тұрғындардың көтерген мәселелерінің басым бөлігі тұрғын үй, кәсіпкерлік саласы, жұмыссыздық, жол, жер, коммуналдық мәселерге қатысты сұрақтар болды.
Аудан басшысының орынбасары тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша заң аясында түсінік беріп, округ әкімдеріне және жауапты бөлім басшыларына азаматтардың өтініш-талаптарын жан-жақты қарауды тапсырды.
Аудан әкімінің орынбасары Нурлан Маликович тұрғындарды жеке мәселелері бойынша ай сайын кезекті қабылдау жүргізеді. Қабылдауға кез келген тұрғын алдын ала жазылусыз келіп қатыса алады.