ҮНЕМШІЛДІК – ҚАЛТАНЫҢ КЕЛТЕЛІГІ ЕМЕС, АДАМИ ҚАСИЕТТІҢ КЕҢДІГІ
Президент материалдық әрі рухани ысырапшылдық проблемасын: «Шын мәнінде, ырыстың бастауы – үнемшілдік. Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ Іле ауданы бөлімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысы барысында айтылған негізгі тезистерден туындайтын міндеттерді ақпараттық –түсіндіру жұмысы арқылы жүзеге асыру барысында «Үнемшілдік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс» атты тақырыпта «ұйғыр» этномәдени бірлестіктері мүшелерімен бас қосып, ысырапшылдыққа жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстарын өткізді. Шараға бөлім басшысы М.Жабиева, «Ұйғыр» этномәдени бірлестігінің төрайымы Рашида Ушурова, Жарқын жастар ауылынан Юсупова Зульфирям Кахарханқызы, Ащыбұлақ ауылдық округінен жігіт басшы Хемилов Бахтияр Тоқтасынұлы және басқа да ауыл мүшелері қатысты.
Қарап тұрсақ, ата-баба дәстүрінде қандай жағдай болмасын ысырапшылыққа жол бермеген. Қазақ әр жұтым суы мен бір үзім нанының қадірін біліп, қажеттілігін ұғынған. Оның айқын дәлелін аталы сөздерден, мақал-мәтел, ырым-тыйым, ғибратты туындылардан оқи аламыз. Осындай үйретері мол әңгімелердің бірі – ысырапшылыққа бой алмаған ғалым.
Ертеде «қажетсіз нәрсе» деген ұғымды білмейтін ғалым қарындашының ұшын шығарған қалдығын да тастамай жинайтын болған. Оның сол мұқияттылығы мен үнемділігі кейін өзі жоқта да кәдеге жараған екен. Аталған қарындаштардың қалдығын ғалым өмірден өткенде артында қалғандар оның жаназасында отын ретінде пайдаланған деседі.
Ғалым өз әрекетімен бұл дүниеде қажетсіз дүние жоқтығын көрсеткен. Әсіресе, тамақты ысырап етпеу – ізгіліктің ең үлкені екенін естен шығармағанымыз дұрыс. Бұл тұрғыда хакім Абайдың халқына айтқан өсиеті әлі де өзектілігін жойған жоқ. Пенденің түбіне жететін теріс сипаттардың қатарында ысырапшылдықты да қосқан ақын былай дейді:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз!
Осы мәселелерді ескере отырып, ұйымдастырылған «Үнемшілдік – ырыс, ысырапшылдық – шығыс» атты шараның негізі мақсаты – ысырапшылыққа жол бермеу мәселесін ту етіп көтере отырып, халықты үнемшілдікке бет бұруға шақыру, Президенттің айқындаған басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру.
Шара барысында бөлім басшысы М. Жабиева халық арасында кең тараған жағымсыз әдеттердің бірі – ысырапшылдық.Оны, тіпті, ұлттық әдетке айналып бара жатыр десек те болады. Той-томалақ, іс-шара өткізгенде бай, кедей екендігіне қарамастан, барынша шашылу, ас та төк ысырапшылыққа жол беру басымдық алып бара жатқанын айтып, үнемшіл болғанымыз дұрыс екенін ескертті. Ыстық су немесе электр жарығы, киім-кешек, тағы басқа жағдайда қаржы үнемделмейтін болса, ол үнемшілдік болмайды.
Сондықтан, үнемшілдік пен қанағатшылдық бір-бірімен байланысты. «Үнемділік ырыс, ысырапшылдық шығыс» — деп атап өтті. Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Рашида Ушурова: «Біздің болмысымызда ысырап етпеу, асты қадірлеу деген секілді ұғымдар берік орныққан. Өкінішке орай, кейінгі жастар асты құрметтеуден қалып бара жатқан сыңайлы.
Себебі, олар ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқ. Ал, біз бидай егіп, оны қуырып жедік, соған да риза болатымыз» — деп атады. «Жарқын жастар» ауылынан еріктілер төрайымы Юсупова Зульфирям Кахарханқызы ауылда тойда немесе садақаларда ауылды тамақтарды үнемдеу керектігін ескертіп отыратына тоқталды: «Нанды да қазір көп мөлшерде далада қоқыс жәшігінен көретініміз де рас, осыған тоқтау салуымыз керек» — деді.
Өз кезегінде Ащыбұлақ ауылдық округінің жігіт басшысы Бахтияр Тоқтасынұлы ысырапшылдық мәселесімен өз тәжірибесінде қалай күрескенімен бөлісті: «Мен 20 жыл бойы Өтеген батыр ауылында тұрдым. Сол уақыт аралығында қоқыс жәшігінің жанына «нан тастауға арналған» деп жазылған арнайы қорап жәшік қойып, жиналған нан қалдығын ауыл малдарына жем ретінде беріп отырдым», – дейді Бахтияр Тоқтасынұлы.
Шара соңында тақырып аясында қорытынды байламдар жасалып, мәселенің шешіміне қатысты оң ұсыныстар айтылды.
Ысырапшылыққа жол бермеу, ең алдымен, әр адамның моральдік ар сотының алдында қарастырылуы қажет мәселелердің бірі. Себебі, үнемшілдік қалта келтелігінің емес, адами қасиет кеңдігінің көрсеткіші.
Айта өтелік, энергия мен жылу көздерін қолданудағы ысырапшылдықтың машақаты да аз емес. Оның қатарына күнделікті өмірде қолданып жүрген қағаз ысырабын атауға болады. Бір тонна қағаз үшін 17 ағаш кесіледі. Бұл 70 ш/метр орман алаңы деген сөз. Ал, бір ағаштың өсуі үшін 20–30 жыл қажет.
Мейрамгүл ЖАБИЕВА,
«Қоғамдық келісім және даму
орталығы» КММ Іле ауданы бөлім басшысы