ІЛЕ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАР ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ
2024 жылдың 28 тамызында Іле ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Іле ауданы әкімдігімен бірлесе жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы іс-шара өткізді.
Шара аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар» тұрғындармен тікелей кездесулер өткізеді. Бұл топтар аудан, қала және ауыл тұрғындарымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы және оның алдын алу шаралары туралы түсіндірілді. Кездесулер барысында топ мүшелері сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін, оның елдің дамуына кедергі келтіретінін атап өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір азаматтың рөлі маңызды екенін, бұл індетпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің міндеті екенін ерекше атап өтті.
Мобильді топтардың негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және азаматтардың мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік беру.
Аудан тұрғындары өз кезегінде бұл кездесулердің пайдалы болғанын айтып, өз пікірлерін білдірді. Кейбір тұрғындар жемқорлыққа қарсы күреске қатысты нақты ұсыныстарын да жеткізді. Кездесулерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы да ақпарат берілді.
Бұл шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамның осы мәселеге деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Топ мүшелері алдағы уақытта да мұндай кездесулерді жалғастырып, халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін жеткізді. Шараға Іле аудандық орталық ауруханасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Іле ауданы бойынша білім бөлімі, Іле ауданы жер қатынастар бөлімі, Іле аудандық сәулет және қалақұрлыс бөлімі, «Мансап орталығы», Іле аудандық ТҮКШ және ТҮИ бөлімі, Өтеген батыр ауылдық округінің әкімі, Кірістер департаменті, Іле ауданы аппарат басшысы, Іле аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Аталған шараға барлық аудан тұрғындары да қатысып, азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әр азаматтың белсенді қатысуы елдің болашағы үшін аса маңызды. Осы тұрғыда мобилді топтардың кездесулері халыққа нақты ақпарат беріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың міндеті!