AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ІЛЕ ЖАСТАРЫ АЭС-ТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Іле жастары атом электр станциясының құрылысын қолдайды. Экономика және құқық колледжінің студенттері мен жас ғалымдар бұл бастаманың маңыздылығын түсініп, отандық атом индустриясында болашақта қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді. Жалынды жастар жоба іске асатын болса, елдегі өндіріс және ғылыми зерттеулер жаңа деңгейге көтеріледі деп сенеді.

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері, студенттер, жас ғалымдар және белсенді жастар осы мәселелерді жан-жақты талқылады. Халықтық штаб спикері әрі «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының Төрағасы Алмасбек Сатибаев атом электр станциясының еліміздің экономикасын, өнеркәсібін, білімін және ғылымын дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, АЭС елімізді қуатты энергетикалық базаға ие, прогрессивті мемлекеттердің қатарына қосуға мүмкіндік береді.

💬Алмасбек Сатибаев: «АЭС салу – бір күннің ісі емес. Бұл жобаны жүзеге асыру он жылды немесе одан да көп уақытты талап етеді. Біз экономикалық тұрғыдан дамыған, болашағы зор, қуатты әрі тәуелсіз Қазақстанда өмір сүргіміз келеді деп сенемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да мақсаттары осындай. Қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстар, ең алдымен, сіздер үшін жүргізілуде. Сондықтан, батыл шешім қабылдау уақыты жетті. Ал батыл шешім қабылдайтын – жастар! Осылайша, алдағы референдумда АЭС салуға қолдау көрсетіп, өз болашақтарыңыз үшін дұрыс таңдау жасауларыңыз қажет», – деп атап өтті.

АЭС құрылысы жастарға мол мүмкіндіктер ұсынады. Атап айтқанда, жүздеген жаңа жоғары білікті жұмыс орындары құрылатын болады. Атом энергетикасын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде мамандарды даярлау үшін арнайы жоспарлар әзірленіп, қажетті кадрлар даярланады. Бұл шаралар жастардың кәсіби дамуын қамтамасыз етіп, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.

#АЭСүшін
#ЗаАЭС
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб

Басқа жаңалықтар

Back to top button