Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБілім және ғылымҚоғам

“Адал ұрпақтың” туы биікте!

Адалдық – әрбір адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» сөзі шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді бейнелеейді. Адалдық пен әділеттікті ту еткен қазақ халқы қашанда өз ұрпақтарын абырой мен ар-ұятқа тәрбиелеп өсірген. Жан дүниесі таза, рухани әлемі бай адамның адалдыққа жаны құштар болмақ. Атақ-абырой, биік мансап жолында жүргенде олармен адалдық әркез қатар жүруі тиіс. Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында ағымдағы жылдың 7-қыркүйек күні Алматы облысы Білім басқармасының ұйымдаструымен өткен «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының Туын Қарасай ауданынан Іле ауданына әкелу мәртебесі біздің білім ордамыз №43 орта мектебіне бұйрыпты. Облыс көлемінде атқарылып өткен аталмыш іс-шараға мектебіміздің біршама мұғалімлері мен оқушылары ат салысып, кеудемізді қуаныш пен мақтаныш кернеген жайымыз бар. Адал ұрпақ еріктілер клубының мұндай іс-шараларына оқушыларды жұмылдыру өскелең ұрпағымызды адал етіп тәрбиелеу жолында бағыт-бағдар беретін үлкен бір жоба деп ойлаймын.
Келесі кезекте 13 қыркүйек күні №43 орта мектебінің мәжіліс залында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біріктіру және бүкіл қоғам өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында, адалдықтың Туы мәңгі желбіресін деген ниетпен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының Туын Іле ауданынан Алматы облысы, Кеген ауданына тапсыру туралы «Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп» тақырыбында салтанатты марафоны өткізілді. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының аға офицері Аманова Г. ханым құттықтау сөз сөйледі. Екінші құттықтау сөз Алматы облысы бойынша білім басқармасының тәрбие жұмысы, қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы Думан Дәулетханұлы Айтбаев мырзаға берілді. Салтанатты жиын мектебіміздің өнерлі оқушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Жиын соңында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелерінің ант қабылдау рәсімі болып, клуб мүшелері Адалдық кітабы мен адалдық Туын Алматы облысы Кеген ауданы, Жалаулы орта мектебінің «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелеріне табыстады.
Тәлімгер оқушылардың бойларына ар-ұят, абырой, жауапкерілік сынды қасиеттерді сіңдіре отырып тәрбиелеу біздің, яғни, ұстаздардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық құндылықтарымызбен бірге патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген бала болашағы жарқын әрі ашық болып, келешекте ел болашағы үшін адал қызмет істейтін болып өседі. Сонымен қатар, осындай игі істер жастарымызға рух беріп, оларды отансүйшгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелейді. Біздер еліміздің өсіп келе жатқан жастарын адал әрі патриот етіп өсіруге өз үлесімізді қосып қатысқанымызға мақтанамыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button