ІЛЕ АУДАНЫНДА «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың «Еңбек күні» мерекесіне орай 19 қыркүйек күні «Алматы облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің филиалы Іле ауданы мансап орталығының, аудандық «АMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында және аудандық жастар ресурстарының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, пробация қызметінде есепте тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне ауданның 150-ден астам жұмыссыз азаматтар, — 35 жұмыс берушілері — 512 бос жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыс берушілердің ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, «Qazaq Glass Company» ЖШС-гі, «Raimbek — Agro» ЖШС-гі, «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы», «Қайсар » ЖК, «Goldservice Logistic» ЖШС-гі, «BTK Group» ЖШС-гі, «Asтoria» ЖШС-гі, «Адм-Газ» ЖШС-гі, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «Galanz Bottlers»АҚ, «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-гі, «Шин-лайн» ЖШС-гі, «Алатау жастары» және т.б. жұмыс берушілер тарапынан 800-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жұмыс берушілер жәрмеңкеге жұмыс іздеп келген азаматтармен тікелей сөйлесіп жұмысқа қабылдауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша түсінтіру жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген жәрмеңке нәтижесі бойынша -30 адам тұрақты жұмысқа, -3 адам жастар практикасына, — 8 адам қоғамдық жұмыстарға және — 5 адам «Күміс жас» жобасына жолдама алды.
#AMANAT