Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғамСақ болыңыз!

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ТҮСІНДІРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

Бұрын біз әрбір жеке тұрғын үйді аралап, қауіпсіздік аясында тұрғындарды ақпараттандырдық. Бүгінгі таңда өрт қауіпсіздігін алдын алудың жаңа түрі бар ол — QR.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, адамдар көп шоғырланған жерлерде өрттің алдын алу шаралары аса қажет. Қоғамдық көлік аялдамалары мен көшелерде өрт қаупін азайту мақсатында арнайы акциялар өткізу – бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Мұндай акциялар халықты өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруға және төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйретуге бағытталған.

Қоғамдық көлік аялдамалары мен көшелерде өрт қауіпсіздігін арттыру акцияларының негізгі мақсаты – тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігіне аударып, олардың білім деңгейін арттыру. Өрттің алдын алу шаралары, өрт шыққан жағдайда алғашқы көмек көрсету әдістері және қауіпті жағдайда өздерін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат беру арқылы халықты төтенше жағдайларға дайындау басты міндет болып табылады.

Аталмыш акцияны іскер асыру бойынша Алатау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы қоғамдық көлік аялдамаларында және адамдар көп жиналатын көшелерде арнайы стендтер мен билбордтар орнату арқылы халыққа өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпарат берді. Бұл стендтерде өрттің алдын алу жолдары, өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері және өрт кезінде адамдардың өзін-өзі құтқару әдістері көрсетіледі.

Сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары мен қаланың көшелеріне өрт сөндіру жабдықтарын орнату арқылы өрт шыққан жағдайда жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары және алғашқы көмек көрсету құралдары жайлы түсіндірме жұмыстары жүрді. Аялдамалар мен қоғамдық орындарда өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері жазылған нұсқаулықтар да орнатылуы тиіс.

Акция барысында мобильді ақпараттық орталықтар ұйымдастырылып, арнайы мамандар әлеуметтік желіде адамдарды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруды жүзеге асыруда. Арнайы дайындалған буклеттер мен парақшалар арқылы тұрғындарға өрт қауіпсіздігіне қатысты кеңестер мен ережелер таратылды. Бұл ақпарат материалдарында өрттің негізгі себептері, оны болдырмау жолдары және өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы мәліметтер қамтылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін QR кодтары бар ақпараттық таблолар, яғни, өрт қауіпсіздігі туралы ақпараты бар аялдамаларға және өрт болған жағдайда жүріс-тұрыс ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар мен бейнероликтері бар сайттарға тікелей ақпарат алуға жолданатын QR-кодтары  орналастырылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастырылуымен көше мониторларындағы бейнероликтер: адамдар көп жиналатын орындарда (аялдамалар, сауда орталықтары) көше мониторларында қысқа оқыту бейнероликтерін трансляцияланып, олар жылыту кезеңінде және өрт туындаған кезде дұрыс мінез-құлықты түсіндіреді. Қоғамдық көліктерде, автобустарда, троллейбустарда және трамвайларда өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт кезіндегі іс-қимылдар және эвакуациялау жөніндегі нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын тұрақты аудиожазбаларды енгізу, жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қамтитын қоғамдық көлік аялдамаларында иллюстрациялар әзірлеу және орнату аудан тұрғындарын ақпараттандыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Бұндай акциялардың нәтижесінде тұрғындардың төтенше жағдайлар туралы ақпараттылығы артып, өрт шығу жағдайларының алдын алуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, қоғамдық көлік аялдамалары мен көшелерде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту арқылы қала инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға болады.

Қоғамдық көлік аялдамалары мен көшелерде өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған акциялар – қаланың қауіпсіздігі мен тұрғындардың амандығын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі. Бұл акциялар арқылы халыққа өрттің алдын алу жолдары туралы білім беріліп, қауіпті жағдайлардағы дұрыс әрекет ету ережелері түсіндіріледі. Осындай акциялар халықтың өртке қарсы сақтық шараларын ұстануына ықпал етіп, қауіпті жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Алатау қаласы, ТЖБ

Басқа жаңалықтар

Back to top button