Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

С. ГАППАРОВ: ӘСКЕРГЕ БАРМАҒАН АЗАМАТ ЕЛІН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?

Іле ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (ҚІЖБ) – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің жергілікті өкілдігі ретінде аудан көлемінде қорғанысқа қатысты маңызды қызметтерді атқарады. Бөлім елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтарды әскери қызметке шақыру, әскери есеп жүргізу және қорғаныс саласындағы басқа да міндеттерді орындауға жауапты. Жергілікті әскери басқару органдарының жұмысы Қарулы күштеріміз үшін маңызды. Олар жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, әскерге шақырылушыларды тіркеу, әскер жасақтау, әскери міндеттілерді есепке алу, әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу, әскери-техникалық мамандар даярлау жұмыстарын атқарады.

Аудандық ҚІЖБ аудан аумағында әскери қызметке шақырылатын азаматтарды тіркеп, медициналық тексерулерді ұйымдастырады. Әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын анықтап, оларды әскери бөлімдерге жіберуге дейінгі барлық рәсімдерді атқарады. Шақыру кезінде азаматтардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, оларды әртүрлі әскери құрылымдарға бағыттау жұмыстары жүргізіледі. Әскерге шақырылған азаматтар медициналық комиссиядан өтеді. Бұл комиссия олардың денсаулық жағдайын бағалап, әскери қызметке жарамдылық деңгейін анықтайды. Медициналық тексерістен кейін шақырылушылар дене дайындығын арттыратын арнайы курстарға қатысуы мүмкін. Аудандық ҚІЖБ әскери міндетті азаматтарды тіркеп, олардың деректерін жаңартып отырады. Бұл әскери есеп жүргізу жұмыстары азаматтарды мобилизациялауға дайын болу үшін маңызды. Әскери есепке алу арқылы бөлім запастағы әскерилердің дайындық деңгейін бақылауда ұстайды. Қорғаныс қажеттілігі туындаған жағдайда, Іле ауданының ҚІЖБ запастағы әскери қызметкерлерді қайта шақыруға құқылы. Бұл процесс қажеттілікке байланысты жүзеге асып, азаматтарды қайта әскери оқу-жаттығу курстарына тартуды қамтиды. Мұндай шаралар әскери дайындықты үнемі жаңартып отыру үшін маңызды.   Іле ауданының ҚІЖБ жастар мен қоғамға әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Әсіресе, мектептер мен оқу орындарында патриоттық тәрбиені арттыру, әскери қызметке дайындық және жастарды әскери өмірге қызықтыру мақсатында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ауданның ҚІЖБ әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын кеңінен жүргізеді. Бұл бағытта жастар арасында әскери өмір салты мен мемлекетті қорғау идеясын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұндай шараларға әскери ойындар, спорттық жарыстар, патриоттық акциялар жатады. Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бүгінгі жұмысымен танысу мақсатында Іле ауданының  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Султанмурат Султановичпен сұхбаттасқан едік.

Султанмурат Султанович, ең алдымен өзіңіз жайлы айтып кетсеңіз? Қай жақтың тумасыз? әскери қызметке қалай келдіңіз?

– Мен подполковник Гаппаров Султанмурат Султанович 1980 жылы 27 наурызда  Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,  Шелек ауылында  дүниеге келдім.

2003 жылы  Алматы қаласындағы  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық   университетін, заңгер мамандығы бойынша  тәмамдадым. Сонымен  қатар, әскери  кафедраны да сол жерде оқып бітірдім. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін,  Алматы қаласында, Алматы облыстық  Ішкі істер басқармасында  әр түрлі қызметте жұмыс істедім.

2011 жылдан ҚР ҚК қызмет атқарып келемін. Алматы  қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде   жедел кезекшілік қызметінен бастап, кадр  бөлімінің бастығы болдым. 2017 жылдан бастап  Алматы  облысы,  Ұйғыр ауданының  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің  бастығы болып, 2023 жылдың  қыркүйек айына дейін қызмет атқардым. 2023 жылдың қазан айында  Іле ауданының  қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы болып қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келемін.

Аудан бойынша  ағымдағы жылы қанша азаматәскерге  шақырылды? Күзгі шақырылымға  қанша сарбаз  шақырылмақ?

– Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі  бойынша 2024 жылы көктемгі мерзімді әскери қызметке  1997-2006 жылы туылған 251 сарбаз  шақырылды.  Ал күзгі мерзімді әскери қызметке  300 сарбаз   шақырылады. Шақыруды сапалы орындау үшін  жауапты  қызметкерлер белсене жұмыс атқаруда.

Султанмурат мырза, қазір көп ата-ананың көңілі  күпті.  Оларға  не айтар едіңіз?

– Барлық ата-аналарды  түсінемін. Бірақ  Қазақстан Республикасының  әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті.  Балалардың  Отанға деген сезімін күшейтіп, патриотты азамат етіп тәрбиелеуді отбасынан және мектеп қабырғасынан  бастау керек. Патриот  азамат етіп тәрбиелемесек, әскерге жібермесек тосыннан келген жаудан ер азаматтарымыз  Отанымызды қалай қорғайды? Әскердегі келеңсіз  оқиғаларды болдырмас үшін қатал тәртіп, қатаң бақылау  керек.

– Әскери комиссариаттың бүгінгі күндегі  негізгі міндеті қандай? Қандай қызмет атқарады?

– Іле ауданының ҚІЖБ негізгі қызметтері азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, әскерге шақыруды ұйымдастыру, медициналық тексеру және дайындық, әскери есеп жүргізу, запастағы  офицерлерді әскери  қызметке шақыру, қорғаныс саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әскери-патриоттық тәрбие беру, жұмылдыру  бойынша, соғыс  жағдайы  кезіндегі  және  соғыс  уақытында  әскерге  шақыруды ұйымдастыру мен  жүргізу  тәртібін айқындайды.

–  Аудан көлімі бойынша әскерге  шақыру  үшін қандай  үгіт-насихат жүргізіліп жатыр?

– Іле ауданы бойынша әскерге шақыру үшін үміткерлерді іріктеу және халыққа кеңінен  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  сынды  көп  деңгейлі  жүйе  құрылған. Осы  уақытқа  дейін  ауылдық  округтерде   үгіт-насихат сипатындағы бірнеше іс-шара  ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат  құралдары  арқылы  халықты  әскери қызметке  шақыру бойынша  ақпараттандыру жұмыстары  да ұдайы жүргізіліп келеді. Шақыру жасына жататын шақырушылар шақырылып, зерделеу жүргізіледі, олардың ата-аналарынмен  жеке сұхбат жүргізіледі.

Қарапайым халық көбіне  қандай  сұрақтар мен  өтініштермен  келеді?

Азаматтар көбінесе әскерге шақыру уақыты туралы сұрайды. Қандай кезеңде шақырылатыны және шақыру тәртібі туралы ақпарат алады. Кейбір азаматтар денсаулығына байланысты немесе отбасылық жағдайға байланысты әскери қызметтен босату жөнінде өтініш жасайды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру, отбасы жағдайы бойынша, білімін  жалғастыру үшін, денсаулығы  және басқада  себептер бойынша келеді. Сонымен  қатар әскерге шақырудан босату мен  қатар әскерге шақыруды кейінге  қалдыру электрондық  үкімет  порталының  «Е»-лицензиялау  жүйесі  арқылы  беріледі. Бұл сұрақтар мен өтініштер Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің күнделікті қызметінің бір бөлігі болып табылады және халыққа әскери қызмет туралы қажетті ақпаратты жеткізіп, заңды мәселелерді шешуге көмектеседі.

 

Карима ДАУТҚАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button