Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

БЕЙБІТ АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Бәрімізге белгілі бүгінде еліміз электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.

Радиация — көзге көрініп, қолға ұсталмаса да, біздің тұрмысымыз бен өміріміздің ажырамас бөлшегі. Сондықтан оны қадағалауды адамзат баласы әлдеқашан үйренген. Ендеше қорқыныштан арыла білгеніміз де жөн. Болашақта энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Әрине қауіптенген дұрыс шығар, алайда қауіпсіздігіне сенбеуге болмайды. АЭС дегеніміз — халықаралық қадағалау, жаһандық жауапкершілік.

«Бізге де ойланатын кез келді». Әлемдегі прогресске ұмтылған елдер батыл шешімдер қабылдап жатқан шақта дамуға дүбір қосатын мүмкіндік туып тұр.

Жаркынбеков Сұлтан
Іле аудандық мәслихат депутаты, әл Фараби атындағы №46 мектеп директоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button