AMANATАлматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «DOLCE-PHARM» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ынтымақ ауылындағы, «DOLCE-PHARM» ЖШС АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ұйымдастыруымен еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуде атом электр станцияларының экологиялық тиімділігі мен қауіпсіздік жүйелері талқыланды.

💬 «Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымының 70%-ы тозған, сондықтан жаңа және қауіпсіз энергия көздерін дамыту қажет. АЭС салу арқылы біз энергетикалық тапшылық мәселесін шешіп, тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етеміз. АЭС жылына 100 млрд кВт/сағ-қа дейін энергия өндіруге қабілетті, бұл еліміздің қажеттіліктерін толық қанағаттандырады», – деді Халықтық штаб мүшесі Мақсат Сейдалиев.

«DOLCE-PHARM» ұжымы атом электр станцияларының заманауи технологияларымен танысып, олардың қауіпсіздік деңгейіне оң баға берді. АЭС салу – елдің болашағына бағытталған сенімді қадам.

#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб

Басқа жаңалықтар

Back to top button