ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ БІЛІМ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары Байсеркедегі №28 орта мектеп ұжымымен кездесіп, АЭС салу мәселесін талқыға салды.
Жиынға Сенат депутаты — С. Дүйсембинов және облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров , аудандық партия филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев, аудандық маслихат төрағасы Мұхит Карибаев және аудандық мәслихат депутаттары және халықтық штаб мүшелері қатысты.
Депутаттар елімізде АЭС салудың қажеттілігі туралы кеңірек түсіндіріп, мектеп ұжымымың сұрақтарына жауап берді.
Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов:
– Әлемнің көптеген елдерінде атом реакторлары жұмыс істеп тұр. Жалпы болашақта энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін біздің елімізге де АЭС қажет. Бүгінде атом энергетикасы саласында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 1800-ге жуық азамат осы салада білім алуда. Мамандар даярлау қолға алынған. Сол себептен біз де көштен қалмауымыз керек. 💡 Біз бүгінгі таңда елімізде энергия жетіспеушілігінің көрініс тапқанына куә болып отырмыз. Халық санының артуы мен жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы болашақта энергетикалық жағдайымызды қиындатуы мүмкін. Сондықтан, осы мәселелерді алдын ала шешуіміз қажет.
🌍 Дүниежүзінде 415 реактор жұмыс істеп, тағы 60-тан астамының құрылысы жүріп жатыр. Бұл — дамыған елдердің барлығы АЭС-ке мұқтаж екенін көрсетеді. Біз де осы бағытта алға жылжып, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін нақты қадамдар жасауымыз керек.
❓ Кездесуде ұстаздар қауымының АЭС-тың қай жерде салынатыны және оның құрылысымен кім айналысатыны туралы қойған сұрақтарына жауап бердік. Бұл мәселелер халықаралық МАГАТЭ ұйымымен бірлесе шешіледі.
📅 Енді 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуымыз керек! Біз елдің энергия болашағын бірге қалыптастыруымыз қажет.
Барша ел азаматтарын жалпыұлттық референдумге белсенді қатысуға шақырамын, – деп жиынды қорытындылады.
#AMANAT
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб