Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

АЭС салынса ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Жалпы керегі бар ма, жоқ па? Құры жалаң сөзге салынбай, осы мәселені тереңірек қозғап көрейік…

Қазір әлемде 31 мемлекетте 193 АЭС жұмыс істеп тұр. Оларда 438 энергоблок арзан электр қуатын өндіруде. Әлемде өндірілетін электр қуатының 17 пайызы АЭС-ке тиесілі.
Атом электр стансасының артықшылығы неде?
Біріншіден, шикізаттық тұтыну деңгейі өте төмен (уран қолданылады), екіншіден, өндірілетін қуатының көлемі өте үлкен. Бір АЭС тұтас мегаполисті электр қуатымен қамтамасыз ете алады. Үшіншіден, жылу электр стансасына қарағанда жарақтану деңгейі жоғары. Жетілдірілу мүмкіндігі мол.
АЭС-тің басты артықшылығы қолданылатын отын түрі көлемінің шағындығы. Мысалы, Жылу электр стансаларында тәулгіне екі темір жол составындай көмір жағылса, ал ВВЭР 1000 (водо-водяной энергетический) реакторының бір энергоблогына шағын ғана урандық өзек жетіп артылады. Бағамдасақ, атом электр станциясын салу энергетикалық тәуелсіздікке және климаттың өзгеруіне қарсы күреске оң әсер ете алатын маңызды шешім болып табылады. Жылу электр станциялары үшін әлемдегі көмірсутек отынының шектеулі қорларын және Қазақстандағы атом электр станциялары үшін уранның орасан зор қорын ескере отырып, Қазақстанның тұрақты даму үшін электр энергиясын өндіруде қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған барлық мүмкіндіктері бар. АЭС салу мәселесі көп жылдан бері жоғары деңгейде және қоғамдық талқылаудың бірнеше кезеңінен өтіп, оның артықшылықтарына көз жеткізілген. Осылайша, Қазақстан дәл қазір әлемдік даму үрдісінен кешігіп қалуға болмайды !!!

Басқа жаңалықтар

Back to top button