Жалпы адамзаттың басты құндылығы ұлты менұлысына қарамай жұмыр жерде бақытты шад шадыман шаттықта өмір сүруі ғой. Ақ қараға бөлмей-ақ елбірлігін сақтауы әр жұмырбасты пенденің парызы. Рас, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан біртұтас еліміз бүгінде бірліктің түп қазығына айналды. Мемлекеттегіэтносаралық татулық – саяси тұрақтылықтң ақ туы мығым. Ортақ шаңырақты мекен еткен ұлттардың бүгінде бірлігі – бекем, Отаны – ортақ, тілегі – бір. Барлығы да тәуелсіз бейбіт күнге, ұлтаралық татулыққа тәубе дейді. Біздің бүгінгі газетіміздің кейіпкері Александра Анатольевнада бірлік пен берекенің бір уығын көтеріп, сонау Арақадан арнайы жолдамамен жер жаннаты Жетісуға келіп өзінің еңбек жолын Іле ауданы,Қарой ауылындағы ауылдық округ әкімшілігініңауылшаруашылық саласын да бас маман қызметін абыроймен атқарып келеді. Жастығына қарамастаналдағы қойған мақсаты биік, елдің дамуы мен оның құндылықа толы мүддесі үшін атқарамын деген үкілеген үміті бар. Жас келсе іске деген нақылды алға тартып,Александрамен сырласып, сұхбат алған едік.
− Александра Анатольевна , ең алдымен, әңгімемізді бастамас бұрын өзіңіз жайлы айтыпберсеңіз.
− Мен 2001 жылы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Подгорное ауылында дүниеге келдім. Ол 500-600 тұрғыны бар өте шағын ауыл. Ұлтым — украин. Анам әкем және атам Қазақстанда дүниеге келген. Әжем тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде қаржылай қалталарын толықтыру үшін отбасымен УкраинаданҚазақстанға көшіп келуге бел буған.
Мен ата-әжемнің қолында өскендіктен, оларға өте жақынмын. Олар бар ғұмырын совхозда, ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеуге сарп еткенжандар. Әжем ауылдағы ең озық мал өсіруші болды. Тіпті жақсы атқарылған жұмысы үшін медаль мен марапаттаулар алған. Одан бөлек, партия делегаты және тексеру комиссиясының қатарында болды. Атам да ауыл шаруашылығы саласынан ұзап кеткен жоқ. Әжем екеуі озық мал өсіруші атанып, тіпті совхоз директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарына дейін көтерілген.
Менің отбасым шағын. Олар анам, әкем және інім. Анам — Қараой ауылындағы Ыдырыс Ноғайбаев атындағы № 18 ОМ бастауыш сынып, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Әкем — № 2466 ПУТЦ әскери бөлімінде электрик. Інім Қараой мектебінің 4-сыныбында оқиды. Менің отбасымда жылулықтың, махаббат пен сүйіспеншіліктің желі қашан да есіп тұрады. Біз кез келген жағдайда бір-бірімізді қолдауға, көмек қолын созуға және жанашырлық танытуға даярмыз және соның арқасында қандай жағдайболмасын мен өзімнің жалғыз емес екенімді білетінмін.
− Қай оқу орнын тәмамдадыңыз және мамандығыз бойынша қандай салада еңбек етіп жүрсіз?
− Менің білімім жоғары. Астанадағы Сәкен Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін кадастр мамандығы бойынша бітірдім. Қазіргі уақытта Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының экономика, ауыл шаруашылығы, ШОБ және ТЖ бөлімінің бас маманымын. Менің жұмысыма ауылдық округтегі экономикалық жағдайды талдау, бюджеттің атқарылуын бақылау, ауыл шаруашылығы мен ШОБ саласындағы бақылау, сондай-ақ төтенше жағдайларкезіндегі қызметті үйлестіру кіреді. Сонымен қатармәселелерді шешуде ШҚ-ға кеңес берумен және қолдаумен айналысамын. Бұл жұмысқа конкурссызнегізде тест тапсыру арқылы орналастым. Мен оқу бітірген жылдары егер бітіруші түлектің дипломы қызыл және GPA 3,5-тен асатын болса( менің GPA 3,8 болатын), онда ол конкурссыз негізде мемлекеттікқызметке бос орынға үміткер болуға
мүмкіндігі бар еді. Осылайша Мемлекет ұсынғанмүмкіндікті қалт жібермей, Қараой ауылдықокругінің әкім аппараттарына жұмысқақабылдандым.
− Мемлекеттік қызметкер болудың қызығы меншыжығы неде?
− Мемлекеттік қызметкер болу бұл үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Мәселен, менің жұмысым экономика, ауыл шаруашылығы, кадастрлық мәселелербойынша білімді және деректермен жұмыс істеу мен ақпаратты талдауды қажет етеді. Сен қандай жағдайда болмасын оң шешімді табуға және жан-жанқты сауатыболуға міндеттісің.
Әрине, жұмыс жеңіл және оңай деп айтпаймын. Алайда бұл қызмет менің таным көкжиегімді кеңейтуге және білімімді шыңдауға септігін тигізді. Себебі жұмыс барысында мен әртүрлі мамандармен жүздесіп,түрлі салалардан ақпарат аламын. Әкім аппаратында жұмыс істей отырып, жан-жақты ой-өрісімді кеңейттім десем артық айтпаспын.
− Өз сөзіңізде Солтүстіктен келдім деп айтқан едіңіз. Еліміздің солтүстігінен оңтүстігіне келугене түрткі болды?
− Менің анам екінші рет тұрмыс құрып, солтүстіктен көшіп кетті. Өгей әкеммен біз жақсы қарым-қатынастамыз. Ол кісіні әкемдей жақын көремін. Десе те, мені ата- апам өсіргендіктен ол кісілердің жанынан ұзап, Іле ауданына көшкім келмеді. Кейін универститетке түсіп, көшуге бел байладым. Ата-апамды қимадым, бірақ Оңтүстікті өзім көріп-білгендіктен, табиғатын жақсы көргендіктен, бұлауданға бір мүмкіндік беріп, жаңа ортаға баруға шешімқабылдадым.
− Еліміздің оңтүстігі сіздің көңіліңізден шықты ма?
− Мен бұл аймақта туып өспесем де, мектеп қабырғасында жүрген кездері жазғы демалысымда келіп тұратынмын. Оңтүстік маған бұрыннан ұнайды. Себебі бұл Шарын каньоны, Көлсай, Алтын Емел сынды әсем таулар жайлаған табиғи көрікті және бірегей аймақ. Жергілікті тұрғындар табиғатты құрметтейтіні және оны таза ұстауға тырысатыны, бұл аймақты одан да тартымды етеді. Мұндағы адамдармейірімді әрі түсінігі мол. Қазақ тілін жақсы түсінетнімді білгенде, көбісі таңырқап қалатын. Әзірге қазақша толық сөйлеу маған әлі де қиын, соған қарамастан жергілікті тұрғындармен тілге қатысты жайсыз жағдайлар мен айыптаулар кездескен емес. Керісінше, олар жылышырай танытып, түсіністікпен қарап, білмейтін жерлерімді түзеп көмектесетін.Олардың маған деген қарым- қатынастарын көріп, тілді онан сайын жақсырақ меңгеруге менің құлшынысымарта түсті.
− Отбасыңыз қазақ тілінде сөйлей ала ма?
− Анамның інісі әскери қызметкер болған кісі. Ол қазақтілінде өте жақсы сөйлейді және қазақ қызына үйленген. Анам мен әкем қазақша түсінеді, бірақ сөйлей алмайды. Анам қазақша дұрыс сөйлей алмаса да, қазақша әндерді айтқанды ұнатады. Ақтөбедежүрген кезімізде анам Қарақаттың «Аяулым», РозаРымбаеваның «Туған жер» және Абайдың «Көзімнің қарасы» әндерін әндетіп жүретін. Тіпті әндері үшін марапат алған кездері де болды. Қазір де мектепқабырғасында осы әндерді орындаудан тайсалмайды.
− Отаныңызға оралу ойы туындамады ма?
− Жоқ, елімізден көшу ойы туындаған емес. Бір айта кететіні, КСРО ыдыраған шақта, әкем туған жерге қайтуды ойлаған. Бірақ атам бұл ойды құптамады,өйткені Ақмоладағы ауылымның іргесін қалаушылардың бірі атамның әкесі болған. Атамның балалық шағы осы аймақта өткендіктен, оның үстінебұл әкесінің
аманаты болғандықтан, атам өзге елге көшуді тіптіойына да алмады. Одан кейін отбасымызда көшутуралы сөз қозғалған емес.
− Күні бүгінге дейін қазақ халқымен қоян-қолтық араласып келдіңіз. Ұлтымыз жайлы түйгенойыңыз қандай?
− Менің ойымша, қазақ халқының қонақжайлылығы ,құндылықтары мен үлкендерге деген құрметі туралы бәрі біледі. Қазақ халқы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа бай және осыменен өзінше ерек. Күні бүгінге аралас-құралас болған адамдарға қарап, қазақтардың керемет шебер екеніне, қонақжай және ашық жарқын халық екеніне көзім жетті. Бүгін де қазақ халқы түрлі ұлт өкілдері өмір сүретін көпұлтты қоғам. Бәлкім, Қазақстанда тұратын бәрімізде осындай қасиеттер бар шығар. Біз бәріміз қазақстандықпыз, елімізді жақсы көреміз, оның дәстүрлерін, тілін, дінін құрметтеймізжәне қастерлейміз.
− Сөзіңізді жалғап, осы ұлттар бірлігі мен ынтымақтастығына қатысты не айтасыз?
− Халықтардың бірлігіне келетін болсақ, менің ойымша, мәдениеттер мен түрлі халық арасындағы айырмашылықтарды түсіну мен құрметтеу үйлесімді және бейбіт қоғам құруда маңызды рөл атқарады. Қазақстанда бұл тұрғыда бәрі жақсы деп санаймын. Елдегі халықтардың бірлігі мәдениетаралық диалогты дамытуға, ынтымақтастыққа және әлемдегібейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Бөліністерді еңсеру және біртұтас әрі үйлесімді қауымдастық құру үшін өзара түсіністік пенынтымақтастыққа ұмтылу маңызды.
− Алдағы жоспарларыңыз қандай?
− Біріншіден, мен өз жұмысымда «білімді» болу үшін кәсіби дағдыларымды дамытуды және біліктілігімді арттыруды жалғастырғым келеді. Екіншіден, менөзімнің лауазым деңгейімді көтеріп, мемлекеттік қызметте анағұрлым жауапты лауазымдарға ие боламын деп үміттенемін. Ақырында, мен өз жұмысымның қоғамға нақты пайда әкелуін және маңызды қоғамдық мәселелерді шешуге көмектесуін қамтамасыз етуге талпынамын. Негізгі мақсат бақытты болу, пайдамды тигізу және өзіме ұнайтыніспен айналысу.
− Сіз үшін өмірдің құндылығы неде?
− Өмірдің құндылығы әртүрлі қазыналарға толы үлкен мұхит сияқты. Әр адам өзі қандай қазына іздеу керектігін және ол үшін қандай құндылықтар маңызды екенін таңдайды. Өмірдің құндылығы адамның шексіз әлеуетінде – құру, сүю, үйрену, өсу, әлемді өзгерту және тарихта із қалдыру қабілетінде жатыр. Оның бағалылығы біздің қандай іспен айналысып жатқанымызда ғана емес, сонымен бірге өзімізді қалай сезінетінімізде. Қуаныш, қайғы, қорқыныш, махаббат, жанашырлық — бұл эмоциялардың барлығы өмірді толық және шынайы етеді. Тіпті қиындықтар менсынақтар өмір құндылығының бір бөлігі саналады. Олар бізді мықтырақ етіп, қолға қонған бағымыздыонан сайын бағалауға себеп болады. Өмір – бұлқадірлеуге, барынша әрекет етуге және оны мағынамен толтыруға тұрарлық сыйлық екенін есте ұстаған жөн.
− Осы жүріп өткен жолыңызда кімге алғыс айтқыңызкеледі?
− Мен өз отбасыма алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге сүйіспеншіліктеріңіз, қамқорлықтарыңыз және қолдауларыңыз үшін мың да бір алғыс. Мен сіздердіңсүрінсем демеп, құласам жебеп жіберетіндеріңізді өтебағалаймын. Маған әрқашан
сенетіндеріңізге және мені жақсырақ болуға шабыттандырғандарыңызға ризамын. Сіздердің кеңестеріңіз бен қолдауларыңыз маған қиындықтарды жеңуге және алға ұмтылуға көмектеседі.
− Сөз соңында, айтар талап-тілектеріңіз болса,жолдасаңыз?
− Тұрғындарға айтарым, ауданның, ауылдың, қаланың және жалпы елдің өміріне белсене араласыңыздар. Қоғамдық бастамаларға қосылудан жалтармаңыздар. Өз пікіріңізді білдіріңіз және сізге қатысты шешімдерге әсер етіңіз. Ұлтына жасына қарамай бір-бірлеріңізге көмектесіңіздер, құрметтеңіздер. Жаңанәрселерді үйренуден тайсалмаңыздар. Өз еліңіздің дәстүрлері мен мәдениетін көзіңіздің ағы менқарасындай сақтап, айналаңыздағы әлемгеқызығушылық танытыңыз.
− Сүбелі ойлар айтып, сұқбат бергеніңізге рақмет!
Диана ҚАНАТ