АЭС — жасыл энергия көзі.
АЭС — жасыл энергия көзі. Оның экологиялық тазалығына күмән жоқ. Экологтар да осы пікірді құптайды.
Күрделі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің көпвекторлы саясатының арқасында барлық негізгі жаһандық ойыншылармен тиімді қарым-қатынас құруда. Атом электр станциясын салу туралы шешім барлық ықтимал тәуекелдерді ескере отырып және ел мүддесіне толық сәйкес келетін болады. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және экономикалық өсу үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл таза энергияға ғана емес, елдің стратегиялық тұрақтылығын арттыруға жасалған қадам.
АЭС салу біздің Мемлекет басшысының көрегенділігі. Оны халықтың таңдауына бергені — саяси стратегиялық қадам. Батыл бастамаға халықтың бағасы осындай.
Жұмаділ Серьянұлы