Экономикалық, экологиялық тиімді шешім!
Электр энергиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Ендеше энергетикалық тәуелсіздікке қалай қол жеткізуге болады? Ол үшін бізге таза, тұрақты және сарқылмайтын энергия көзі қажет.
Ал мұндай энергия көзі тек атом электр станциясы болуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта АЭС-ке балама жоқ. Мұны әлемдік тәжірибе растап отыр. Бұл пікірді осы саланың сарапшылары мен ғалымдары да толығымен қолдайды.
Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3%-ға өседі. Осыған байланысты атом электр стансасын салу экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім болып табылады.
Сонымен қатар, атом электр станцияларының құрылысы мультипликативті әсер береді. Мәселен, жобаны іске асыру кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылса, стансаның жұмысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, АЭС-тегі әрбір жұмыс ілеспе салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер ететіні сөзсіз.
Жамалбек Дәулетбай