Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

АЛТЫН КҮЗ

Іле ауданы Өтеген батыр округіндегі жасөспірімдерге арналған спорттық мекемесінде қазан айының 9 жұлдызында  Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мүмкіндігі шектеулігі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Төлегенова Меруерт Серікбаевнаның және  «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен   «Алтын күз»  атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балаларды қызықты іс-шаралармен қуантумен қатар, олардың қабілеттерін арттырып, әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.

Мерекеге 70 бала ата-анасымен қатысып, іс-шараның ашылу салтанаты  ЖҚжәнеӘББ мм «Жалғыз басты қарттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету» бөлімшесінің  меңгерушісі Дунбаева Салтанат Мухтархановнаға берілді.

Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беріліп, табиғат сұлулығын жақынырақ таныстыруды көздеген мерекелік іс-шарада балалар  әсем ән айтып, мың бұрылған би билеп, өлең шумақтарымен өнерлерін көрсетті. Мерекелік бағдарламаның аясында төрт түрлі сайыс өткізілді: таныстыру, көрме, өнер сайысы, және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін өзге де сайыстар. Әр бала өзінің ерекше қырларын танытып, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Көрмеде балалардың қолынан шыққан туындылар мен өнер туындылары көпшілікті таң қалдырды.

Мерекенің ажары, сұлу қыздарымыздың «Күз ғажабы» атты сәндік киім үлгілерін көрсетуі керемет қошеметке ие болды. «Дәмді және тез рубрикасы» кезеңінде ата-аналар мен балалардың табиғи  материалдардан жасалған шығармашылық өнерлері,  әдемі жемістер мен көкөністер туралы жеміс-жидектерден  қолөнерлері көздің жауын алады. Өнер сайысында қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Ерекше балалардың өнері көпшілікті риза етіп, жүректерге жылу сыйлады. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табыс етілді. Бұл балалар үшін үлкен қуаныш пен мотивация болды.

Іс-шараға қатысқан ата-аналар мен қонақтар осындай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Бұл тек балалардың әлеуметтік бейімделуіне ғана емес, олардың өзін-өзі тануын және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуын септігін тигізетін шара еке-нін ерекше бағалады.

Мерекелік іс-шарамыз ерекше көңіл-күйде өз мәресіне жетті. «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы байқау ретінде өткізілгеннен соң әділ қазы алқалары өз бағаларын берді.

«Жалғыз басты қарттарға және мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің»  меңгерушісі Дунбаева Салтанат Мухтархановна, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Нурсейтова Коркем Бахытовна, бөлімшенің маманы Манкеева Айжан Абитаевна қазылық жасады.

Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері мен «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарының ұйымдастыруымен және демеушілік танытқан   «Мостоотряд-8» ЖШС, «Galanz bottlers» АҚ және «Клуб Добряков», Сарыбұлақ АҚ, алғыс білдіреміз. Әрқашан күз өзінің мол астығымен, тәтті жеміс-жидектерімен, шуақты да жылы күндерімен қуанта берсін.  Көптен күткен ұлы тойымыз жалғасып, қамбамыз бидайға  толы болсын! Берекелі мерекенің жақсылығы арта берсін!

Ж. Енсепбаева,

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының әлеуметтік қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button