АУЫЛ ЖОЛЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде Үкіметке тапсырма бергені белгілі. Бұл жұмыстар ауданда тиісті деңгейде атқарылуда. Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселесін назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын.
Талаппен орындалған жұмыстың бір ұшы Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылдық округінен көрініс тауып отыр. Аумағымен ұзындығы 477 метр-ді құрайтын «Жеңіс» және ұзындығы 513 метрді құрайтын «Жібек жолы» көшелеріне орташа жөндеу бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, 2024 жыл басында Асқар Тоқпанов ауылдық округінің көшелерін «Ауылым – Алтын бесігім» бағдарламасы аясында Асқар Тоқпанов ауылындағы Қ.Байқадамқызы, Алатау, Розовая және Жайнақ ауылындағы 2 квартал көшелерін орташа жөндеу бойынша асфальттау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда Асқар Тоқпанов ауылдық округінің Жайнақ ауылындағы ұзындығы 1700 метрден асатын 2 квартал көшесіне орташа жөндеу бойынша асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Орташа жөндеу бойынша 1700 метрді құрайтын Қ.Байқадамқызы, 2700 метр болатын Алатау және 410 метрді құрайтын Розовая көшелері де осы жылдың аяғына дейін асфальт төсеу жұмыстарыжүргізіледі.
Сондай-ақ, Бауыржан Ақжолұлы жергілікті тұрғындармен жиі кездесу өткізіп, ауылдағы болып жатқан өзгерістерді талқылайды. Ақсақалдар А.Тоқпанов ауылының қысқа уақыт ішінде айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Мектеп пен Мәдениет үйі жөнделді, аулалар абаттандырылуда, балалар алаңдары орнатылуда, көшелер жарықтандырылуда, жолдарға көңіл бөлінуде.
Өз тілшіміз