Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысы

МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АС БЕРДІ

Өтеген батыр ауылындағы «Өтеген батыр Сәбденұлы» мешітінде 9 қазан «Мүгедектер күніне» орай ауданымыздың бас имамы Дархан Тәңірбергенұлының ұйымдастыруымен аудандағы «Мейірім» мүгедектер қоғамдық бірлестігіндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға  арнап дастархан жайылды. Барлығы 50 шақты адам қамтылған іс-шарада Бас имам ынтымақ, бірлік тақырыптарында уағыз-насихат айтты. «Қазақта «Бірлігі мықты ел озады» деген керемет тәмсіл бар. Халқымыз әрқашан бірлікті ту еткен. Осы ретте үлкендеріміз елдің бірлігін нығайтуға ықпал етуі керек. Жас буын еліміздің болашағы үшін білім алуға бірінші кезекте ұмтылуы қажет. Ұрпақтар сабақтастығы болған жерде бірлік те, ынтымақ та, даму да болады. Біздің үлкендер мен балалардың басын қосудағы мақсатымыз да сол, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету» — деп атап өтті.

Негізі, асыл дінімізде қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттерді дәлелдеуді қажет етеді. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Тағабун» сүресінің 16-18 аяттарында «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер, оның айтқанына бойұсыныңдар, Алла жолында мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл – өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі са­раң­дығынан сақтанса, ол  мақсатына жетуші. Егер Ал­ла ризалығы үшін дүние жұмса­саңдар, Алла оның есесін еселеп қайтарады.

Өз кезегінде арнайы шақыртылған ауыл  өнерпаздары қонақтарға әннен  шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Пайғамбарымыздың хадистеріндегі өсиеттерді ескерген мешіт ұжымымен бірге іс-шараға арнайы шақырылған «Зекет» қайырымдылық қорының өңірдегі өкілі Қаби Ринат сый-сияпат жасауды да ұмытпады. Мешіт ұжымы атынан аталмыш интернат үйіне соңғы үлгідегі бағалы шаңсорғыш тарту етілді. Өз кезегінде қариялар батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес. Egemen Qazaqstan Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған. «Сұңқар жемін шашып жейді, Қарақұс жемін басып жейді» деген мақалдың мәніне терең бойлап, жалғыз өзі тойғанша жұртпен бірге қиналуды жөн көрген. Мысалы, баяғыда қазақтың байлары жан-жағының жағдайын ойлап отыратын менеджер іспетті болған. Олар мал-дүниесімен ғана емес, ақыл-парасатымен, жомарттығымен, сақилығымен де сый-құрметке бөленген. «Жемесең де май жақсы, бермесе де бай жақсы» деген қазақ бір ауыз сөзбен-ақ ауқатты адамның қоғамдағы рөлін анықтаған. Себебі халқымыз ырыс-несібені Алла Тағаланікі деп білген. Сондықтан байлар да Құдайдың сүйікті құлы атану үшін туған-туыс, малшы-жалшысына қол ұшын созып, барынша көмектесуге тырысқан. Бұл көбіне-көп рулық қатынастардың негізінде орын алды. Осылай үйлесімді өмір сүргендіктен, қазақ қоғамында құл деген болмаған. Байдың малын баққандар оны өз малым деп есептеген. Өйткені ертең өз басына күн туса, байдың шарапаты тиетінін кәміл түсінген. Ал сараң байдың қашан да халық арасында қадірі қашқан. Ондайларды «сасық бай» деп атаған. Тіпті, ауыл-ауылды аралап жүретін сал-серілер де шықберместердің үйіне аттап баспаған. Атақты Ақтамберді жыраудың «Қайырлы болса баяжан, айдын шалқар көлмен тең, қайырсыз болса жаман бай, тартылып қалған шөлмен тең» дейтіні де сол.
Амал қанша, қайырымдылық сынды қайырлы қасиет бәріне бірдей тән емес.  «Қазіргі заманда оның қажеті жоқ» деген пікірлерді де кейде естіп қаламыз. Алайда олай дейтіндер қатты қателеседі. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын альтруист адамдар кез келген қоғамның негізгі тірегі саналады. Өзіңіз ойлаңызшы, еліміз кілең енжар, өзімшіл азаматтардан құралса, қайтер едіңіз? Мұндай ортада өмір сүргіңіз келер ме еді? Әлбетте, жоқ дейсіз. Рас, «табиғатта тек мықтылар тірі қалады» дейтін заң бар. Бірақ адам саналы тіршілік иесі ғой. Homo sapiens-тің хайуаннан айырмасы жақынына жанашырлығымен өлшенеді. Бір данышпан: «Өркениетті қоғамды оның балалар мен қарттарға, яғни қорғансыз жандарға деген қарым-қатынасына қарап бағалауға болады» депті. Келіспеске амал жоқ. Әлсіздерге, кедейлерге жәрдемдескен адам өзінің адамгершілігін айғақтайды. Біреудің қайғысына ортақтасу арқылы өз өміріне басқаша қарай бастайды, құндылықтарын қайта зерделейді. Кезінде маңызды көрінген, көңілге маза бермеген мәселелердің түкке тұрғысыз екенін түсінеді. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button