Басты ақпарат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумдағы құттықтау сөзі ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы стратегиялық маңызын айқын көрсетеді. Президент ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Аграрлық сектордың жетістіктері мен оның дамуындағы үздіксіз еңбек – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі астық экспорттаушы елдер қатарына енуіне негіз болды.

26,7 миллион тонна астық жинау – бұл тек биылғы жылдың ғана емес, соңғы онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш. Мұндай нәтижеге жету – диқаншыларымыздың табандылығы мен еңбекқорлығын көрсететін үлкен жетістік. Бұл ауыл шаруашылығындағы жүйелі реформалардың, озық технологияларды енгізудің және саланы мемлекеттік деңгейде қолдаудың жемісі екені сөзсіз.

Президенттің айтуынша, форум тек жетістіктерді атап өту ғана емес, сонымен қатар саланың алдағы дамуын айқындайтын маңызды алаң. Осындай жиындар саладағы нақты мәселелерді талқылап, инновациялық шешімдер ұсынуға және агроөнеркәсіптік кешенді жаңа деңгейге шығаруға септігін тигізеді. Бұл – ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетумен қатар, олардың болашақтағы табысты жұмысына серпін беретін шара.

 

Орынбасар Нұрсұлтан

Алматы облысының маслихат депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button