Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыБайсерке ауылдық округіҚоғам

ІЛЕ АУДАНЫ БАЙСЕРКЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Байсерке ауылдық округі сайлаушылары қолдап, Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлы Байсерке ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

Мұрат Бақытжанұлы 1978 жылы туылған. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «қаржы және несие, салық ісі» мамандығы бойынша, сондай-ақ Орталық-Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1995 жылы «УМР-2» ЖШС жүргізушісі болып бастаған Мұрат Бақытжанұлы мемлекеттік қызметке 2001 жылы Алматы облысы Іле ауданы бойынша салық комитетінде бас маман-бас салық инспекторы лауазымынан кірісіп, әртүрлі қызметтер атқарған.

Өзінің еңбек жолында Ақмола облысы бойынша салық департаментінің Салық аудит басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің қызметтерін атқарып, 2012 жылдан бастап Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болды.

2016 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде түрлі жауапты қызметтерді атқарып, 2024 жылдан бастап Іле ауданының құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button