ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ БОЛУ — ҚҰРМЕТ ЖӘНЕ АБЫРОЙ
Құрметті Іле аудандық мәслихатының депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлері Сіздерді Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын.
Халық сайлаған мәслихат депутаттары жергілікті мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі. Мемлекеттің дамуы, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нығайуына мәслихаттардың да айрықша рөлі бар.
Әр жылдарда мәслихат депутатары болып шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен қатар түрлі салаларының өкілдері сайлаған. Олардың әрқайсысы сайлаушылардың мүддесін қорғай отырып, өкілетті органдардың жұмысына үлес қосуда, билік пен халық арасында алтын көпір бола білді. Халық қалаулысы болу — құрмет және абырой.
Мәслихаттар тек халықпен диалогты қолдап қана қоймай, сондай-ақ жергілікті саясатты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өту қажет.
Іле ауданы мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен жұмыс тәжірибесінде өкілді органдардың өздерінің қабілеттілігін, ал депутаттар кәсіби шеберлік пен жауапкершілік танытып отырғандығын сеніммен айтуға болады. Мәслихаттар өз қызметін тиімді жүзеге асыра отырып, өңірлердегі халықтың аманатына адал болып жемісті еңбек етіп келеді.
Биыл егеменді еліміздің жергілікті өкілді органдары – мәслихаттарға 30 жыл толып отыр. Өңірдің дамуына мәслихат депутаттары осы жылдары тұрақты дамуына елеулі үлес қосты деп айтуға толық негіз бар. Жергілікті халықтың демократиялық принцптермен сайланған, мемлекет пен қарапайым халықтың арасындағы өзара әрекеттесетін жалғыз өкілетті органы. Мәслихат депутаттары біздің мемлекетімізде шешуші рөл атқарады. Баршаңызды өкілетті билік органдарының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын, денсаулық, бақыт пен амандық, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу және оларды мемлекетіміздің өркендеуі үшін орындауына тілектеспін!
Мәслихат дегеніміз өзі өкілетті орган ғой. Киелі Іле ауданының қарқынды дамудағы басты табысы – консенсус пен қоғамның барлық күштерінің бірігуі. Барлық жергілікті билік органдарының, соның ішінде ең алдымен мәслихат пен әкімдіктің үйлесімді жұмысы барлық Іле тұрғындарының мүддесін шешуге бағытталған. Отыз жыл бойы халық қалаулылары тұрғындардың мәселелерін шешуге және өзге де шаруаларға белсенді түрде атсалысып келеді. Еліміздің жүргізген, алдымен экономика одан кейін саяси мәселелердің нәтижесінде Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық жағдайы жақсарып, әл-ауқаты артты. Депутаттар күрделі кезеңде халық үшін маңызды сұрақтарды шешуге қатысты. Сіздерге халық үлкен сенім артып, қолдау білдірді. Ол атқарушы билікпен халықтың арасындағы дәнекер десекте болады. Халықтан сайланатын депутаттар екі ортадағы байланысты нығайтып соған жұмыс жасайды. Депутат дейтін ол мансап емес. Сондықтан да депутаттар бұрында да қазірде де халықпен екі ортада қызмет істейді. Сіздерге осы жолда табыс тілеймін!
Қайыржан Жақсымбетов,
Іле ауданының әкімі