Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ТЕОРИЯДАН ТӘЖІРИБЕГЕ ДЕЙІН

«ЖАСҰО» РМК Алматы облыстық филиалында Университет студенттері Ашық есік күніне келді. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің бітіруші түлектері кезекті рет біздің мекеме табалдырығын аттап, алған білімдерін іс жүзінде тәжірибеден өткізді. Бұл жолы олар битум, яғни асфальта бетон жамылғысының құрамындағы тұтқыр материалдармен жақыннан танысып, зертханада өз қолдарымен зерттеу жүргізді. Бітіруші түлектер диплом алды тапсырмаларына қажетті мағлұматтарды білікті мамандармен кеңесіп ақылдасты.

«Жалпы болашақ жолшыларды дайындау мақсатында Ашық есік күнінің маңыздылығы ерекше. Олар бірнеше жыл оқыған-тоқығандарын практика жүзінде көре алады, жасай алады. Осының өзі сапалы кадр даярлауда, Жолшы мамандықтарына студенттерді тартуға үлкен ықпал етеді. Сондықтан ЖАСҰО келем, үйренем деген студенттерге әрдайым есігін айқара ашады» — деді сарапшы Маржан Каранеева.

Өз кезегінде ЖАҰСО Алматы облыстық филиал мамандары мұғалімдерге нормалық құжаттардың маңыздылығы оларды Университет қабырғасынан бастап оқытып, үйрететін болса болашақта мықты мамандар жетісіп шығатындығын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button