Аңсаған тәуелсіздік!
– Тәуелсіздік – бұл жай ғана ұғым емес, ол ұрпаққа берілген ұлы мүмкіндік. Ұстаз ретінде мен тәуелсіздікті тек елдің саяси немесе экономикалық еркіндігі деп қана емес, адамның ой-санасы мен рухани тәуелсіздігі деп білемін.
Бүгінгі ұрпақ тәуелсіздіктің қадірін терең түсінуі керек. Біздің ата-бабаларымыз бұл күнге қан мен тердің, қажырлы күрестің арқасында жетті. Ал бізге артылған аманат – сол тәуелсіздікті сақтап, ұрпақ санасына сіңіру. Бұл үшін ең алдымен білім керек. Өйткені білімді ел ғана мықты болады.
Тәуелсіз елдің азаматтары өз тарихын білуі, өз тілін құрметтеуі, өз болмысын жоғалтпауы қажет. Меніңше, тәуелсіздік – тамыры тереңге жайылған ағаш іспетті. Оның топырағы – тарих, діңі – білім мен мәдениет, ал жемісі – ұрпақтың игілігі. Біз, ұстаздар, сол тамырдың мықты болуы үшін еңбек етеміз.
Менің арманым – санасы азат, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, дүниеге кең көзбен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгі жасайды.
Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы аудандық маслихат депутаты, 46 орта мектебінің директоры